23 қарашада Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтті
- Толығырақ
Отырыста сатып алулардағы жергілікті қамтуды дамыту мәселелері қарастырылды. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Б. Атамқұлов, «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы А.Сәтқалиев баяндама жасады.
Үкімет басшысы әкімдіктерге жергілікті қамтуды бақылау жөніндегі өңірлік комиссиялардың жұмысын олардың қызметіне өңірлік бизнес өкілдерін барынша тарту арқылы күшейтуді тапсырды.
Индустрия және инфрақұрылымдық даму, энергетика министрліктеріне, сондай-ақ «Самұрық-Қазына» АҚ-на жер қойнауын пайдаланушылармен ерікті келісімдер жасасуды қамтамасыз ету тапсырылды. Индустрия министрлігіне Энергетика министрлігімен, «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп, жер қойнауын пайдаланушылардың отандық тауар өндірушілермен офтейк-келісімшарттар жасасуының барлық қажетті мәселелерін пысықтау тапсырылды.
Үкімет отырысында тұтынушылардың құқығын қорғау мәселесі қаралды. Осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстар туралы сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Олег Смоляков баяндады.
Үкімет басшысы интернет-сауда саласында тұтынушылардың құқығының бұзылуына жол бермеу мақсатында Сауда және интеграция министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен және ұйымдармен бірлесіп, осы жылдың соңына дейін электрондық сауда сегментінде құқықтық реттеуді жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізуді тапсырды.
2022 жылдың бірінші жартыжылдығында «е-tutynushy» жүйесін азаматтардың өтініштерін жүйелеу және мемлекеттік органдар тарапынан жедел әрекет ету үшін бірқатар мемлекеттік органның ақпараттық жүйелерімен біріктіруді тапсырды. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне сауда министрлігімен, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен және әкімдіктермен бірлесіп, қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқығын қорғау мәселелері бойынша халықты ақпараттандыруды күшейту және азаматтардың қаржылық сауаттылығын арттыру тапсырылды.
Үкімет отырысында елдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай қаралды. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда соңғы айда ауруды жұқтыру 2,4 есеге, стационарлардағы науқастар 1,4 есеге, амбулаторлық науқастар 1,8 есеге төмендеді. Инфекциялық төсек-орындардың қамтылуы – 30%, реанимациялық төсек-орындардың қамтылуы 25% құрайтынын айтты.
Үкімет басшысы санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды, әсіресе шекара маңындағы облыстарда тұрақты бақылауда ұстауды, вакциналау қарқынын арттыруды, сондай-ақ вакциналарды сақтау және тасымалдау режимін қамтамасыз етуді тапсырды.
Дереккөз: https://primeminister.kz/kz/sessions/kr-ukimetinin-otyrysy-23112021-23101228
Мемлекет басшысы қаржы секторының өкілдерімен кездесті
- Толығырақ
2021 жылғы 19 қарашада Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алматы қаласына жұмыс сапары қаржы секторының өкілдерімен кездесуден басталды. Мемлекет басшысының Алматыдағы резиденциясында өткен жиынға Президент Әкімшілігінің басшылық құрамы, мемлекеттік органдардың, ірі қаржы құрылымдары мен банктердің басшылары қатысты.
Қасым-Жомарт Тоқаев мұндай құрамдағы кездесудің алғаш рет өткізіліп отырғанына назар аударды. Президенттің айтуынша, жиынды өткізуге еліміздің қаржы секторында шешілуге тиіс қордаланып қалған мәселелер түрткі болған.
Бұдан кейін кездесуге қатысқандардың сөздерін тыңдаған Президент осы бағыттағы бірқатар нақты міндетке назар аударды.
Мемлекет басшысы, ең алдымен, қаржы секторының тұрақтылығына тоқталды. Сондай-ақ бүгінде қаржы секторының дәрменсіз банктерден арылғанын, ал сауықтыру аясында 6,6 триллион теңгеге жуық нашар несиелер есептен шығарылғанын атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, өтеу мерзімі 90 күннен асқан қарыздардың деңгейі банктердегі несие портфелінің 4,3 пайызын құрайды. Бұл – соңғы 13 жылдағы ең төменгі көрсеткіш. Президент осыдан қорытынды шығарып, жинаған тәжірибе негізінде жиі қайталанатын тәуекел-қатерлердің алдын алу шараларын күшейту қажет екеніне тоқталды.
Президенттің айтуынша, банктер мемлекеттік қолдаудың арқасында бүгінде экономиканы несиелеу бойынша зор әлеуетке ие болып отыр. Банк жүйесіндегі өтімділігі жоғары активтердің көлемі – 12,2 триллион теңге.
– Биыл тұрғындар сұранысының белсенді түрде қалыпқа келе бастағанын байқап отырмыз. Тұтынушылық несие 32,8 пайызға артқан. Несие алушылар 6,1 миллион адамға жетті. Бәлкім, бұл қалыпты үдеріс. Алайда азаматтарымыздың қарыз жүктемесіне тиімді бақылау жасау маңызды. Қазіргі уақытта 545 мың адамның қарызын өтеу мерзімінің кешеуілдеуі 90 күннен асқан. Мәселе еліміздің қаржы тұрақтылығына төнген тәуекел-қатерде ғана емес. Бұл көптеген азаматтарымыздың қаржы тапшылығымен бетпе-бет келгенін білдіреді. Бұл әлеуметтік және саяси тұрақсыздыққа алып келуі мүмкін, – деді Президент.
Мемлекет басшысы борышкерлерге қатысты қаржы нарығындағы өкілдердің шектен шығу әрекеттеріне тоқталды.
Президент шағын және орта бизнесті несиелеу, оның ішінде ауылдардағы кәсіпкерлік бастамаларды дамыту еліміздің қаржы секторының басты басымдығы болуы керек деп есептейді. Мемлекет басшысының айтуынша, тұрақты және арзан қор жасау көздерінің жоқтығы микроқаржыландыру нарығындағы негізгі мәселенің бірі.
Мемлекет басшысы айтқан тағы бір өзекті міндет – ұлттық қор нарығын дамыту. Оның айтуынша, отандық қор нарығы тұрғындардың қаражатын жинайтын сенімді баламалы құралға айналуы қажет.
Қасым-Жомарт Тоқаев қаржы секторын цифрландыруды дамыту маңызды екеніне назар аударды. Мемлекет басшысы осы салада оң қарқын бар екенін атап өтіп, қаржы инновацияларын енгізуге қолайлы жағдай жасау жөніндегі кешенді жұмысты жалғастыру керек екенін айтты.
Президент цифрлық валюталарды айналымға енгізу маңызды екенін тоқталды. Бұл ретте болашақ қаржы жүйесінің негізіне айналуы мүмкін цифрлық теңге енгізу мәселесін қарастырған жөн екенін айтты.
Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев криптовалюта нарығын дамыту мәселесіне де тоқталды.
– Криптовалюталар – объективті фактор және оларға немқұрайлы қарауға болмайды. Олардың қолданыстағы қаржы жүйесіне әсер ететін тәуекел-қатерлері мен әлеуетін нақты бағалау қажет. Сондықтан елімізде криптобиржаларды құру үшін теңдестірілген реттеу шарттарын қалыптастыру жұмыстарын жандандыру қажет. Басқаша айтқанда, криптовалюталарды шығару бойынша әлемдегі екінші ел бола тұра, қаржы қайтарымын көрмей отырмыз, – деді Мемлекет басшысы.
Мемлекет басшысы қаржы секторын климат жөніндегі күн тәртібінің талаптарына бейімдеуге қатысты мәселеге арнайы тоқталды.
Қасым-Жомарт Тоқаев сөзін қорытындылай келе, Ұлттық банкке Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен бірлесіп, бүгінгі айтылған мәселелер мен ұсыныстарды пысықтауды тапсырды. Осы ретте Президент нарыққа қатысушылардың іс-қимылдарын үйлестіру жұмыстарын өз Әкімшілігіне жүктеді.
Дереккөз: https://www.akorda.kz/kz/memleket-basshysy-karzhy-sektorynyn-okilderimen-kezdesti-19103420
18 қараша күні спикер М.Әшімбаевтың төрағалығымен Сенат отырысы өтті
- Толығырақ
Сенаторлар «2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» және «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2022-2024 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» заң жобаларын қарады.
Үш жылдық республикалық бюджет жұқпалы дерт салдарын еңсеруге арналған жалпыұлттық басымдықтарды іске асыруға және Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев алға қойған міндеттерді орындауға бағытталған.
Бюджеттің маңызды міндеттерінің бірі - мемлекеттің азаматтар алдындағы әлеуметтік міндеттемесін мүлтіксіз орындауы болып табылады. Осыған байланысты үш жылдық кезеңде бюджет шығыстарындағы ең үлкен үлесті әлеуметтік сала шығыстары құрайды. Шығыстардың жалпы көлемінің 50,8%-ы 2022 жылы нақ осы салаға бағытталатын болады. Ал 2024 жылға қарай бұл көрсеткіш 59,8%-ды құрайды.
«Мемлекеттің барлық әлеуметтік міндеттемелері толығымен орындалатын болады. 3 жыл ішіндегі түсімдердің өсуін ескере отырып, әлеуметтік салаға жұмсалатын шығыстарды шамамен үштен бірге ұлғайту жоспарлануда. Жалпы, 2022-24 жылдары әлеуметтік салаға 26,7 трлн теңге бөлінеді. Бұл құралдар көптеген әлеуметтік мәселелерді шешуге мүмкіндік береді. Ең бастысы, әлеуметтік төлемдерді индекстеу, мұғалімдердің, дәрігерлердің, бюджет қызметкерлерінің басқа да санаттарының жалақысын арттыру және көптеген әлеуметтік нысандар салу туралы сөз болып отыр», – деп атап өтті М.Әшімбаев.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес елімізде экономиканың өсуі мен азаматтарымыздың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған Ұлттық 10 жоба қабылданған болатын. Сенат Төрағасы осы ұлттық жобаларды іске асыру үшін бөлінетін бюджет қаражатын тиімді пайдалану қажеттігін атап өтті.
Сенат сонымен қатар бюджет кірістерінің өсуін қамтамасыз ету және Ұлттық қордан берілетін трансферттер көлемін қысқарту жөніндегі Үкімет жоспарлаған шараларға қолдау білдірді. Мәулен Әшімбаев бұл мәселелерді сенаторлар бірнеше рет көтергенін еске салды.
«Жалпы, алдағы үшжылдық бюджетті Үкімет үшін үлкен сынақ деуге болады. Себебі, Үкімет экономиканы дамыту қарқынын арттыру және көлеңкелі секторды азайту арқылы бюджеттің кірісін 35 пайызға өсіруді көздеп отыр. Сонымен бірге бюджет тапшылығын кезең-кезеңімен төмендету және Ұлттық қордан бөлінетін трансферттер көлемін қысқарту жоспарланған. Осындай бастамаларды біз, әрине, қолдаймыз», - деді М.Әшімбаев.
Сенаторлар заң жобаларын талқылау барысында Үкімет мүшелерінің алдында инфляцияның өсуіне, оның ішінде отын бағасына, мемлекеттік қарыздың ұлғаюына, ауыл тұрғындарын таза ауыз сумен, интернетпен қамтамасыз етуге, фельдшерлік пункттер желісін кеңейтуге қатысты және басқа да бірқатар өзекті мәселелерді көтерді.
Депутаттар заң жобаларын Сенатта қарау нәтижелері бойынша республикалық бюджетке түзетулер енгізуді ұсынды. Олар, атап айтқанда, автожолдарды қайта жаңарту мен дамытуға, газбен жабдықтауға, су құбыры желілерін салу мен жөндеуге және басқа да шығыстарды ұлғайтуды ұсынып отыр. Бұл шығыстарды Үкімет резервінде көзделген қаражатты қайта бөлу есебінен қаржыландыру көзделген.
Сенаторлар осылайша заң жобасының негізгі ережелеріне қолдау білдірді және қаржының бір бөлігін өңірлердегі нақты проблемаларды шешуге бағыттауды ұсына отырып, «2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасын Мәжіліске қайтарды. Ал, «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2022-2024 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» заңды өзгеріссіз қабылдады.
17 қараша күні Парламент Мәжілісінің жалпы отырысы өтті
- Толығырақ
Мәжіліс Спикері Н.Нығматулиннің төрағалығымен өткен жалпы отырыста Палата депутаттары Халықаралық авиамаршруттардың географиясын кеңейтуге, сондай-ақ елді индустриялық дамытуға бағытталған Қазақстанның бірқатар халықаралық келісімдерін ратификациялау заң жобаларын мақұлдады.
Талқылаудан кейін Палата депутаттары Қазақстан мен АҚШ арасындағы Әуе қатынасы туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобасын алды. Келісімде «ашық аспан» қағидаттары көзделген, оның шеңберінде тараптар тасымалдаушылар саны, межелі пункттер мен жиіліктер бойынша шектеусіз ұшуды орындай алады. Құжат сыртқы көліктік қолжетімділікті арттыруға және халықаралық авиамаршруттардың географиясын кеңейтуге, сондай-ақ Қазақстан мен Америка Құрама Штаттары арасындағы сауда-экономикалық, мәдени ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған.
Мәжіліс мақұлдаған жобалардың ішінде Қазақстан мен Ресей арасындағы «Минералды тыңайтқыштар шығару зауытын салу және пайдалану» жобасын іске асыру туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы да бар. Құжатқа сәйкес инновациялық технологиялар бойынша 1 млн тоннаға дейін минералды тыңайтқыштар мен индустриялық өнімдер өндіру, сондай-ақ кемінде 1 200 жаңа жұмыс орнын құру көзделіп отыр. Жергілікті шикізатты өндіруден бастап экспортқа бағдарланған өнімді шығаруға дейін толық өндірістік циклі бар кәсіпорын құру мақсатында осы жобаны іске асыру үшін жеңілдіктер, қолдау шаралары мен преференциялар қолдану жоспарлануда.
Отырыс барысында бірқатар заң жобалары екінші оқылымда мақұлданды. Атап айтқанда, «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» ҚР Конституциялық заңына конституциялық түзетулер және оларға ілеспе заң жобасы. Сонымен қатар, құқық қорғау органдары, прокуратура және сот арасындағы жауапкершілік пен өкілеттіліктің аражігін ажырататын үш буынды модельді енгізу мәселелері бойынша заңнамалық жаңалықтар бар.
Сондай-ақ, депутаттар жануарларға жауапкершілікпен қарау мәселелеріне қатысты заң жобаларын екінші оқылымда мақұлдады. Атап айтқанда, халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау мақсатында депутаттар Қазақстан заңнамасына сәйкес бюджет қаражаты есебінен иелері болып табылатын үй жануарларын есепке алуды жүзеге асыру бойынша норма енгізді. Бірқатар жаңа ұсыныстар мемлекеттік бюджет және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен стерильдеу жолымен қаңғыбас жануарлардың санын реттеуге, ветеринариялық қызметтер мен жергілікті атқарушы органдардың есепке алынған үй жануарлары туралы ақпарат беру мерзімдерін регламенттеуге бағытталған. Депутаттар сондай-ақ уәкілетті органның қаңғыбас жануарларды вакцинациялау және стерилдеу қағидаларын әзірлеу және бекіту жөніндегі, жергілікті атқарушы органдардың үй жануарларын серуендетуге тыйым салынған орындарды айқындау жөніндегі, үй жануарларын есепке алуды ұйымдастыру, қаңғыбас жануарлардың санын реттеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру жөніндегі құзыреттерін нақтылады.
Екінші оқылымда мақұлданғандардың арасында ілеспе түзетулері бар «Өнеркәсіптік саясат туралы» заң жобасы, сондай-ақ Салық заңнамасына депутаттар ұсынған жаңалықтар да бар.
«Өнеркәсіптік саясат туралы» заң жобасында, атап айтқанда, елдегі өнеркәсіптік саясатты қалыптастырудың негізгі құралы ретінде өнеркәсіптің жай-күйі туралы жыл сайынғы Ұлттық баяндаманы қалыптастыру жөніндегі нормалар көзделеді. Бұдан басқа, өндірісі ұлттық экономиканың ұзақ мерзімді бәсекеге қабілеттілігін және мемлекеттік ынталандыру шараларын айқындайтын басым тауарлар тізбесіне енгізу үшін тауарларды іріктеу өлшемшарттарын белгілеу жоспарлануда. Еңбек өнімділігін арттыруға және тауарларды экспортқа шығаруға бағытталуды ескере отырып, қарсы міндеттемелерді айқындау кезінде мемлекет пен бизнестің заңдылық, теңдік, транспаренттілік және өзара жауапкершілік қағидаттары бекітіледі. Шикізатты өндірушілер мен қайта өңдеушілер мүдделерінің теңгерімін сақтау, өнім өндіру көлемін ұлғайту және өндірілетін өнім номенклатурасын кеңейту қағидаттарында өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындарын отандық шикізатпен қамтамасыз ету жөніндегі нормалар енгізілуде.
Салық заңнамасына заңнамалық түзетулермен, атап айтқанда, салықтарды төлеу бойынша бөліп-бөліп төлеуді ұсыну кезінде қаралатын «жеке тұлғаның, дара кәсіпкердің, жеке практикамен айналысатын адамның жалғыз тұрғын үйіне» деген «тұрғын үй» ұғымы нақтыланады.
Жалпы отырыста Мәжіліс бейінді комитеттерге Палатаға келіп түскен жаңа заң жобалары бойынша қорытындылар дайындау мерзімдерін айқындады. Бұл «Қоғамдық бақылау туралы» ілеспе түзетулері бар заң жобасы, сондай-ақ халықтың көші-қоны саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша жаңалықтар.
Пленарлық отырыс соңында парламентшілер мемлекеттік органдарға бірқатар депутаттық сауалдар жолдады. Оларды Қ.Иса, Е.Бейсенбаев, К.Нұров, В.Нәбиев, Г.Хамзин және А.Қоңыров дыбыстады.
Дереккөз: https://parlam.kz/kk/mazhilis/news-details/id49087/1/1
16 қараша күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтті
- Толығырақ
Отырыста бірінші мәселе елдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай қаралды. Денсаулық сақтау министрі А.Цой ҚР-дағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтылығы туралы баяндады. Үкімет басшысы халықты вакцинациямен және ревакцинациямен қажетті қамтуды қамтамасыз етуді тапсырды.
Екінші мәселені талқылау барысында ауылдық елді мекендерде сумен жабдықтау қызметтеріне қол жеткізуді қамтамасыз ету мәселесі қаралды. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Б.Атамқұлов, экология, геология және табиғи ресурстар министрі С. Брекешев баяндама жасады.
Үкімет басшысы ауыз сумен қамтамасыз етілу пайызы төмен өңірлерге келесі жылы көрсеткіштерді орташа республикалық деңгейге жеткізуді тапсырды. Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар ауылдық елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз ету және ағымдағы жылдың қорытындысы бойынша жоспарлы жоспарлы көрсеткіштерге қол жеткізу бойынша барлық қажетті шараларды қабылдауды тапсырды.
Ұлттық экономика министрлігіне индустрия және инфрақұрылымдық даму, экология, геология және табиғи ресурстар министрліктерімен, сондай-ақ өңірлердің әкімдіктеріне инвестициялық шығындар, оның ішінде су пайдаланудың цифрлық технологияларын енгізу қажеттілігін ескере отырып, суға арналған тарифтік саясатты жетілдіру мәселелерін пысықтау тапсырылды. Индустрия министрлігіне өңірлердің әкімдерімен бірлесіп, ауылдарды сумен жабдықтау объектілерін салу кезінде бақылауды күшейту бойынша шаралар қабылдау және тұтынушылармен кері байланыс функцияларын қоса отырып, елді мекендерді сумен жабдықтаудың интерактивті картасын өзектендіру тапсырылды.
Үкімет отырысында жоғары білім беру сапасын арттыру мәселелері үшінші мәселе қаралды. Білім және ғылым министрі А.Аймағамбетов баяндама жасады.
Үкімет басшысы Еңбек министрлігіне, сондай-ақ «Атамекен» ҰКП-ға мамандарды даярлау сапасы байланысты жаңа кәсіби стандарттарды өзектендіру және әзірлеу жөніндегі жұмысты жандандыруды тапсырды. Білім және ғылым министрлігіне Білім беруді дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасында жоғары білім беру сапасын қамтамасыз ету бойынша нақты шаралар мен индикаторларды көздеу, биылғы 22 қарашаға дейін жоғары оқу орындарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған жол картасын пысықтау және Үкіметке енгізу тапсырылды. Сондай-ақ, 20 мықты өңірлік жоғары оқу орындарын құру және Петропавл мен Шымкентте «Назарбаев Университеті» үлгісінде екі жоғары оқу орнын ашу бойынша қаржыландыру мәселелерін пысықтау тапсырылды.
Дереккөз: https://primeminister.kz/kz/kr-ukimetinin-otyrysy-16112021-1610177
Мемлекет басшысының Қазақстан қаржыгерлерінің конгресіне қатысушыларға Жолдауы
- Толығырақ
2021 жылғы 12 қараша Қасым-Жомарт Тоқаев бейнеүндеуінде жиынға қатысушыларды Қазақстан қаржыгерлері конгресінің ашылуымен құттықтап, бұл еліміз үшін айрықша маңызды оқиға екенін атап өтті.
– Биылғы басқосу Ұлттық валюта күні және Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы қарсаңында өтіп жатыр. Мұның символдық мәні зор. Өйткені төл теңгеміз – Елдігіміз бен Егемендігіміздің шынайы белгісі. Біз тоқсаныншы жылдардың басында негізгі нарықтық реформаларды жүзеге асырдық. Қаржы қатынастарын кешенді түрде қайта қарап, жаңғырттық. Әлемдегі озық тәжірибені ескере отырып, банк саласына түбегейлі өзгерістер енгіздік. Еліміздің толыққанды қаржылық инфрақұрылымы жасалды. Соның нәтижесінде қор жинап, оны тиімді жұмсауға мүмкіндік туды. Сондай-ақ ауқымды инвестицияға жол ашылды, – деді Мемлекет басшысы.
Президенттің айтуынша, біз сындарлы мемлекеттік саясаттың арқасында бәсекеге қабілетті қаржы секторын қалыптастырдық.
– Қазақстанның қаржы саласы өңірдегі ең озық жүйе саналады. Бүгінде оның жиынтық активі 35 триллион теңгеден асады. Бұл – еліміздің ішкі жалпы өнімінің тең жартысынан көп, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысы өткен жылдың басында коронавирус пандемиясы және оның салдары әлем экономикасына орасан зор зиян келтіретінін ешкім күтпегенін атап өтті. Сондай-ақ нарықтардың құлдырауы кейінгі жүз жылда болған ең айтулы оқиғаның бірі екенін айтты.
– Мемлекеттік және халықаралық институттардың қабылдаған теңдессіз шаралары жағдайдың одан әрі шиеленісіп кетуіне жол бермеді. Алайда, шикізат, сауда және қаржы салаларындағы ахуал әлі де құбылмалы болып тұр. Жаһандық сын-қатерлер мен үрдістерді ескере отырып, қаржы саласын одан әрі дамыту – мемлекеттің басым бағыттарының бірі. Бұл ретте елдің экономикалық өсімін қолдау оның негізгі міндеті болып қала береді. Мемлекет қиын кезеңдерде отандық қаржы секторын үнемі қолдады. Соның арқасында бүгінде банктердің жұмысы тұрақты әрі экономиканы несиелендіретін әлеуеті жоғары. Сондықтан олар экономиканы жылдам қалпына келтіруде және оны одан әрі әртараптандыруда негізгі рөл атқаруға міндетті, – деді Президент.
Қасым-Жомарт Тоқаев отандық қор нарығын, соның ішінде экономиканы қаржыландырудың тағы бір маңызды көзіне айналуы қажет «Астана» халықаралық қаржы орталығын белсенді дамыту керек екенін атап өтті. Мемлекет басшысының пайымдауынша, қазіргі кезеңде жаһандық қаржы институттарының қарқынды дамуына, көрсетілетін қаржылық қызметтерді барынша цифрландыруға байланысты міндеттерді де ескеру қажет.
– Бұл мәселелер байыпты талқылауды және теңгерімді шешімдерді іздестіруді қажет етеді. Осы бағыттардың дәйекті дамуы еліміздің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға қосымша жол ашады. Түптеп келгенде, халқымыздың әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік органдардың, қаржы институттарының алдындағы ортақ міндет, – деді Мемлекет басшысы.
Қазақстан Президенті аталған жиын еліміздің қаржы саласын нығайта түсу үшін тиімді шаралар әзірлеуге септігін тигізетініне сенетінін жеткізді. Бейнеүндеу соңында қаржы жүйесінің қызметкерлерін тағы да кәсіби мерекесімен құттықтап, конгресс жұмысына табыс тіледі.
Түркістан облысына бөлінген бюджет қаражатын пайдаланылуға жүргізілген сыртқы мемлекеттік аудиттің қорытындылары
- Толығырақ
2021 жылғы 11 қарашада Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті отырысында Түркістан облысына бөлінген бюджет қаражатының пайдаланылуға жүргізілген аудит қорытындылары шығарылды.
Осы өңірде облыс орталығын Түркістан қаласына көшіруге және тиісті бюджеттік инвестициялардың ұлғаюына байланысты білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, тұрғын үй саласындағы құрылыс объектілерінің, сондай-ақ көлік және инженерлік коммуникациялар, көгалдандыру, абаттандыру жүйелері мен тұрғын үйлер саны өсті. Қаланың рухани-мәдени орталығын одан әрі қайта құру және салу жоспарлануда.
Сонымен қатар, аудит барысында даму бағдарламасын іске асыру кезеңінде 99% деңгейіндегі жалпы қаражатты игеру кезінде, нысаналы индикаторларға қол жеткізу көрсеткіші 80,1% - ды құрағанын анықтады, бұл қаражатты игеру мен нысаналы индикаторларға қол жеткізу арасындағы төмен тәуелділікті көрсетеді.
2020 жылдың соңында «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша жалпы сомасы шамамен 2,0 млрд.теңгеге сатып алу нәтижесінде халықтың әлеуметтік осал топтарына және (немесе) аз қамтылған көп балалы отбасыларға арналған инженерлік желілерге қосылмаған 160 пәтер қазіргі уақытқа дейін қоныстанбаған күйде тұр. Бұдан басқа, жергілікті бюджеттен қоса қаржыландырудың болмауы бөлігінде осы мемлекеттік бағдарлама ережелерін сақтамау, 78 пәтердің сатып алынбауына себеп болды.
Қорытындылай келе ағымдағы жылдың 1 тамызына осы мақсаттарға бөлінген бюджет қаражатын толық игеру кезінде осы санатта кезекте тұрған 3330 адамның 238-і (немесе 7%) әлеуметтік тұрғын үймен қамтамасыз етілмеген.
Облыстың 697 елді мекенінің 151-інде (21,7%) су беру кесте бойынша жүзеге асырылады, бұл өңір халқының өмір сүру сапасына теріс әсерін тигізеді.
Сонымен қатар, 172 елді мекенде электрэнергия қуатының тапшылығы байқалады, нәтижесінде 250 мыңнан астам адам (12,3%) сапалы электр жабдықтаумен қамтамасыз етілмеген.
Сапасыз жоспарлау, сондай-ақ 2018-2020 жылдары пайдаланушы ұйымның талаптарына сәйкес келмейтін газбен жабдықтау объектілерін пайдалануға қабылдау салдарынан 111 объектінің 7-і ғана орталықтандырылған газбен жабдықтауға уақтылы қосылған. Сонымен қатар, аудит кезінде салынған 43 нысан жұмыс істеп тұрған жоқ.
Нәтижесінде, күтілетін газға қол жеткізбестен, Облыстың шамамен 168 мың тұрғыны болды және тиісінше жұмсалған бюджет қаражатын пайдаланудан тиімділікке қол жеткізілмеді.
Ордабасы ауданының Бизнестің жол картасы 2020 шеңберінде Бадам станциясында 2020 жылы салынған мұнай-химия зауытының вагондарын тұрақпен қамтамасыз етуге арналған кірме темір жолдар мақсаты бойынша пайдаланылмайды. Осыған байланысты 1 млрд теңге сомасындағы бюджет қаражаты тиімсіз жұмсалған.
2018-2020 жылдары мектеп салуды біркелкі емес жоспарлау Түркістан қаласында, Сайрам және Сарыағаш аудандарында оқушы орындары тапшылығының өсуіне алып келген. Өңір мектептерінің техникалық жабдықталуында бір қатар жүйелі проблемалар байқалады.
Ауыл шаруашылығы өндірушілерін негізсіз субсидиялау, сондай-ақ субсидияланған малды қайта сатуға, суару жабдығын пайдаланбау, инвестициылық объектілерді пайдалануға беруді созуға алып келген субсидияларды пайдалануды тиісінше мониторинг жүргізбеу фактілері анықталды, бұл 1,3 млрд. теңге сомасына ауыл шаруашылығы өндірушілерін дамытуға арналған мемлекеттік қолдаудың әсерін азайтады. Бұдан басқа, 8 ауыл шаруашылығы өндірушісі пайдаланған жалпы сомасы 0,2 млрд.теңге субсидияларды алуды растауға электрондық шот-фактурларды қайтарып алу фактілеріне жол берілген, бұл негізсіз субсидия алуға арналған схемалардың болуын көрсетеді.
Денсаулық сақтау саласында республикалық бюджеттен жыл сайын бөлінетін нысаналы трансферттер күтілетін өмір сүру ұзақтығының өсу көрсеткіштеріне әсер етпеген, ол Түркістан облысында Республиканың басқа өңірлерімен салыстырғанда соңғы орында тұр.
Есеп комитеті аудит қорытындысы бойынша Үкіметке заңнаманы жетілдіру бойынша тиісті ұсынымдар берді. Түркістан облысының әкіміне анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктерді жою бойынша шаралар қабылдау және қолданыстағы заңнаманы бұзуға жол берген лауазымды адамдардың жауапкершілігін қарау тапсырылды.
19 бұзушылық фактісі бойынша материалдар әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға уәкілетті органдарға жіберілді. Есеп комитеті жекелеген бұзушылық фактілері бойынша процесстік шешім қабылдау үшін мемлекеттік аудит материалдарын құқық қорғау органдарына беру туралы шешім қабылдады.
Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/esep/press/news/details/283562?lang=kk
11 қараша күні «Самұрық-Қазына» қорын басқару жөніндегі кеңестің отырысы өтті
- Толығырақ
Қазақстанның Тұңғыш Президентінің төрағалығымен өткен отырыс барысында «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқармасының төрағасы А.Сәтқалиевтің ағымдағы жылдың тоғыз айдағы қызметінің қорытындылары және негізгі стратегиялық мақсаттары мен негізгі даму басымдықтары туралы баяндамасы тыңдалды.
Отырысқа қатысушылар «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ 2022-2031 жылдарға арналған даму стратегиясын мақұлдады. Аталған құжатта Қазақстан экономикасының нақты секторында инфрақұрылымдық, экспортқа бағдарланған және импортты алмастыратын жобаларды іске асыруда инвестицияны ұлғайту қарастырылған.
Сондай-ақ Кеңес мүшелеріне «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның төмен көміртекті дамуға көшу жөніндегі тұжырымдамалық тәсілдерін назарға алды. Сонымен қатар, энергетикалық және экологиялық қауіпсіздік арасында теңгерімді сақтау қажеттілігі айтылды.
Нұрсұлтан Назарбаев «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ ұсынған 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізу мақсаттарын қолдайтынын білдірді.
Сонымен қатар Елбасы энергия жеткізу тізбегінің беріктігін нығайтып, жергілікті үлесті арттырудың, экономиканы әртараптандырудың, соның ішінде заманауи өндіріс қалыптастыру арқылы ішкі нарықты тауармен қамту мен экспорт үлесін ұлғайтудың маңызы зор екеніне тоқталды.
«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ шетелдік озық тәуелсіз әл-ауқат қорларымен ынтымақтастығы мәселесіне ерекше назар аударылды. Бұл орайда Елбасы БАӘ арадағы қарым-қатынас жоғары қарқынмен дамып келе жатқанына тоқталып, олардың бірегей тәжірибесі мен инвестициялық мүмкіндігі Қазақстан экономикасын жаңғырту жолында аса маңызды екенін атап өтті.
Отырыс барысында сондай-ақ «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ және «Қазақтелеком» АҚ басшылығының таяу жылдардағы ағымдағы жағдай мен даму болжамдары туралы есептері тыңдалды.
11 қараша күні спикер М. Әшімбаевтың төрағалығымен Сенат отырысы өтті
- Толығырақ
Сенаторлар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды екінші оқылымда қарап, қабылдады.
Сенат Төрағасы осы Заңның қабылдануына түсінік бере отырып, бұл ең алдымен, елдің мемлекеттік басқару жүйесін реформалауға бағытталған маңызды қадам екенін атап өтті.
Сондай-ақ отырыс барысында депутаттар «2004 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы «Байқоңыр» ғарыш айлағында «Бәйтерек» ғарыш зымыран кешенін құру туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заңды қарап, қабылдады.
Бұл хаттама «Бәйтерек» ғарыш зымыран кешенін бюджеттік несиеден босатуды көздейді, сондай-ақ оның жүктелуіне кепілдік береді. Яғни, тараптардың ғарыш аппараттарын «Союз-5» зымыран-тасығышымен және оның ықтимал модификацияларымен орбитаға шығару жөніндегі коммерциялық тапсырыстардың көрсетілген кешенінен жылына кемінде екі ұшырылым мөлшерінде орындауға өзара міндеттемелері болады.
Сонымен қатар, депутаттар Жоғарғы Соттың судьясы қызметіне сайлау туралы Мемлекет басшысының ұсынымын қарады. Соған сәйкес сменаторлар бұл қызметке Б. Нажімиденовті сайлады.
Отырыс соңында сенаторлар өздерінің депутаттық сауалдарын айтты. С.Ершов Қарағанды облысындағы шахталардың бірінде болған қайғылы оқиғадан кейін өзектілігі арта түскен өндірістік қауіпсіздік саласындағы проблемаларды көтерді. А.Шәкіров, В.Волков және Л. Сүлеймен тұрғын үй саясатына қатысты құқықтық қатынастарды жетілдіруді және азаматтардан жалғыз баспаналарын өндіріп алуға тыйым салуды ұсынды.
Н.Қылышбаев ҚХР карантиндік шаралардың күшеюіне байланысты шекарада көліктердің жиналуына, сондай-ақ кеден заңнамасын жетілдіруге әсер еткен проблемаларды шешу бойынша қажетті шаралар қабылдауды сұрады, А.Лукин жасыл желектерді қорғау мәселелеріне назар аударды, ал Е. Мамытбеков зираттарды жерлеу, орналастыру және күтіп ұстау саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейтін заңнамалық акт әзірлеуді ұсынды.
10 қараша күні Парламент Мәжілісінің жалпы отырысы өтті
- Толығырақ
Мәжіліс Спикері Н. Нығматулиннің төрағалығымен өткен жалпы отырыста Палата депутаттары Салық кодексіне және оны қолданысқа енгізу туралы Заңға енгізілген заңнамалық түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады.
Заң жобасын парламентшілер Мемлекет басшысының жекелеген тапсырмаларын, бизнес пен азаматтарды қолдау жөніндегі бастамаларды, салықтық әкімшілендіруді жақсарту жөніндегі шараларды, оның ішінде көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимылға бағытталған шараларды іске асыру мақсатында әзірледі.
Пленарлық отырыста талқылау барысында депутаттар мобильдік төлемдерді фискалдау, сондай-ақ шағын көлемді фургондар үшін салық төлеу мәселелеріне қатысты бірқатар заңнамалық нормаларға назар аударды. Мобильдік төлемдерді реттеу туралы айта келе, Мәжіліс Спикері аталған норма бойынша салықтың жаңа түрін енгізбейтінін атап өтті.
Сондай-ақ, заң жобасында қолданыстағы заңнамада белгіленгендей, қозғалтқыштың көлеміне емес, жүк көтерімділігіне байланысты шағын вагондарға салық салу ұсынылады. Бұл ретте 90 мыңнан астам автокөлікке қатысты осы норманы ретроспективті, яғни 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енумен жасау ұсынылады.
Осыған сәйкес Мәжіліс Төрағасы тиісті мемлекеттік құрылымдардың оны төлеген автокөлік иелері үшін салықты қайта есептеуге, сондай-ақ азаматтарды бұл туралы хабардар етуге толық дайын болу қажеттігіне назар аударды.
Сонымен қатар, Мәжіліс Спикерінің пікірінше, қазақстандықтар бұл үдерісті проактивті форматта, яғни автокөлік иесінің қатысуынсыз өткізу жоспарланғанын білуі үшін қажетті түсіндіру жұмыстары уақтылы жүргізілуі тиіс.
Тұтастай алғанда, заң жобасы шеңберінде ең төменгі жалақыны оны ең төменгі айлық есептік көрсеткішке (АЕК) ауыстыру жолымен есептік көрсеткіш ретінде пайдалануды алып тастау ұсынылады. Сондай-ақ шикізат экспортынан түскен валюталық түсімнің кемінде 50%-ын теңгеге айырбастауды жүзеге асырған бизнес субъектілері тауарларды экспорттаған кезде 80%-ға дейінгі мөлшерде ҚҚС-ты оңайлатылған тәртіппен қайтару ұсынылады. Бұдан басқа, салық төлеушінің паспортын енгізу жоспарланып отыр, 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап арнайы салық режимдерін және бірыңғай жиынтық төлемді қолдану үшін рұқсат етілген қызмет түрлерін қайта қарау, камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық дауларын реттеудің міндетті сотқа дейінгі тәртібін енгізу. Сондай-ақ, Салық кодексінен ҚҚС артуын қайтару кезінде қолданылатын ҚҚС бақылау шоты бойынша нормаларды алып тастау, «Семей ядролық қауіпсіздік аймағы туралы» заң жобасына сәйкес келтіруге байланысты жеңілдікті нормаларды енгізу, ЕАЭО кедендік аумағына әкелінген тауарларды қадағалау тетігі туралы келісімнің нормаларын ұлттық салық заңнамасына имплементациялау ұсыныстары қатарында. Алдағы төлемдер мен салық берешегі туралы, оның ішінде банктердің және «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ мобильді қосымшалары және т.б. арқылы салық төлеушілерді Жеке тұлғаларға хабардар ету көзделуде.
Бірінші оқылымда Мәжіліс құқық қорғау органдары, прокуратура және сот арасындағы өкілеттіліктерді және жауапкершілік аймақтарының аражігін ажырата отырып, үш буынды модельді енгізу мәселелері бойынша заңнамалық түзетулерді мақұлдады. Заң жобасы қылмыстарды тез ашу, оларды жасаған адамдарды қылмыстық жауаптылыққа тарту және әділ сот талқылауын жүргізу мақсатында қылмыстық іс жүргізу заңнамасын тиімді қолдануды көздейтін құқықтық тетіктерді оңтайландыруға бағытталған.
Мәжілістің бірқатар ратификациялық заң жобалары да алды. Бұл Қазақстанның Қырғызстанмен және Тәжікстанмен өтеусіз әскери-техникалық көмек көрсету туралы, сондай-ақ Тәжікстанмен тәжік-ауған шекарасының іргелес аудандарында қауіпсіздікті қамтамасыз етуде әскери-техникалық жәрдем көрсету туралы келісімдері.
Депутаттар адам құқықтары жөніндегі уәкілге және оның қызметіне қатысты заң жобаларын, сондай-ақ дауларды соттан тыс және сотқа дейін реттеу институттарын дамыту мәселелері бойынша заңнамалық жаңалықтарды екінші оқылымда мақұлдады.
Пленарлық отырыс соңында парламентшілер мемлекеттік органдарға бірқатар депутаттық сауалдар жолдады. Оларды Ж. Ахметбеков, С. Ерубаев, Д. Мыңбай, М. Раманқұлов және Е. Смышляева дыбыстады.
Дереккөз: https://www.parlam.kz/kk/mazhilis/news-details/id49071/1/15