Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт
- Толығырақ
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды қалыптастыру және сақтау қоғамдық қатынастардың оқшауланған саласы үшін белгіленген және сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған ұсынымдар жиынтығын білдіре отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары жүйесінің элементтерінің бірі болып табылады.
Зерттеулер, талдау және тиімділікті бағалау орталығының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты әзірленді:
- Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 10-бабының 2-тармағына сәйкес;
- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бекіткен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды әзірлеу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды ескере отырып;
- 2021 жылғы 25 ақпанда Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті мен Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бекіткен «Есеп комитеті – Адалдық алаңы» жобасының Жарғысын іске асыру шеңберінде;
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт Орталықтың лауазымды тұлғалары мен жұмыскерлерінде тұрақты сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлықты қалыптастыруға, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық көріністерін дер кезінде анықтауға және олардың теріс салдарының алдын алуға бағытталған.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттың негізгі қағидаттары заңдылық, транспаренттілік, әдептілік, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтау және оларды сыбайлас жемқорлық көріністерінен қорғау, мүдделер қақтығысына болдырмау болып табылады.