12.02.2015 Есеп комитетінің Ғылыми-әдіснамалық кеңесінің кезекті отырысы өтті
- Толығырақ
Қ.Е. Жаңбыршиннің төрағалығымен өткен отырыс барысында «Қаржылық бұзушылықтарды зерттеу жөніндегі орталық» РМК-нің бұрынғы жылдары өткізген зерттеулерінің қорытындылары бойынша әзірленген әдістемелік құжаттар қаралып, оларды Есеп комитетінің қызметінде іс жүзінде қолданудың мәселелері талқыланды.
Зерттеу нәтижелерін пилоттық режимде сынақтан өткізу үшін айқындалған мемлекеттік органдардың тізбесі мақұлданды.
Есеп комитетінің және тексеру комиссияларының қызметкерлерін сертификаттау жөніндегі пилоттық жобаның 2014 жылы іске асырылу мәселелеріне айрықша назар аударылды.
Сонымен қатар, 2015 жылы іске асырылады деп көзделген зерттеу тақырыптары бойынша техникалық тапсырмалардың жобалары қаралып мақұлданды.
Есеп комитетінің баспасөз қызметі
Есеп комитетінде Сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау органдары үйлестіру кеңесінің кезекті 5-ші отырысы болды
- Толығырақ
Отырыста тәуекелдерді басқару үлгі жүйесінің бақылауды жоспарлау мен жүргізу кезінде қолданылатын мәселелері, тексеру комиссияларының мемлекеттік қаржылық бақылау стандарттарын сақтау, тексеру барысында анықталатын кемшіліктер мен заңнама бұзушылықтарын мониторингілеуді ұйымдастыру, сондай-ақ кеңестің өткен отырыстарындағы шешімдердің орындалуы қаралды.
Отырыс нәтижелері бойынша тәуекелдерді басқару жүйесіне бірыңғай принциптер мен тәсілдерді әзірлеу үшін ведомствоаралық жұмыс тобын құру ұсынылды. Осындай шешімнің қабылданған себебі: мемлекеттік аудитке көшу шеңдберінде қазіргі кезде қолданылатын әдістердің жаңа заңнама талаптарына толық көлемде сәйкес келмейтіндігі болып отыр.
Есеп комитетінің бақылау қорытындылары бойынша жекелеген тексеру комиссияларының бекітілген мемлекеттік қаржылық бақылау стандарттарының талаптарын сақтамағаны туралы анықталған фактілер аталды. Тексеру комиссияларының төрағаларына стандарт талаптарын мүлтіксіз сақтауды қамтамасыз ету, сапаны бақылау қызметтерінің қызметкерлерін Есеп комитетінде өтіл өткізуге жіберу ұсынылды.
Отырыс қорытындылары бойынша Үйлестіру кеңесінің 2014 жылға арналған жоспары қабылданды.
Бұдан бөлек, Тексеру комиссиялары Төрағаларының Астана қаласында болу кезінде, олар үшін Есеп комитетінің базасында екі күндік семинар ұйымдастырылды, онда елге мемлекеттік аудитті, мемлекеттік қаржылық бақылау стандарттарын, қосарлас бақылау іс-шараларын жүргізуді, бақылаушылардың қызметін бағалауды және басқаларды енгізу мәселелері қаралды.
Сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының үйлестіру кеңесі Есеп комитетінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады. Кеңес қызметінің мақсаты: ең өзекті проблемаларды ұжымдық талқылау жолымен, жұмысты ұйымдастыруда бірыңғай принциптер негізінде қалыптастыру мен өзара тиімді әрекеттесугежәрдемдесу болып табылады. Кеңестің құрамына: Есеп комитетінің Төрағасы мен екі мүшесі, облыстардың, Алматы мен Астана қалалары тексеру комиссияларының төрағалары кіреді.
Есеп комитетінің баспасөз қызметі
Есеп комитеті Алматы облысына Республикалық бюджетіен бөлінген қаражаттарды игеруге қатысты бақылаудың қорытындысын шығарды
- Толығырақ
Отырыс барысында Есеп комитеті Алматы облысы әкімінің мақсатты трансферттер бойынша келісімдер шеңберінде қабылданған міндеттемелер бойынша ақырғы нәтижелерге жетудің қажетті шараларын қолға алмағанын, сондай-ақ бюджеттік жоспарлау мәселелеріне кешенді амалдардың болмай отырғандығын атап көрсетті.