Қаз   Рус  Eng

4 қараша күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтті

Отырыста елдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай қаралды. Денсаулық сақтау вице-министрі М.Шоранов Қазақстандағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдай жақсарып келе жатқанын айтты.

Үкімет басшысы Денсаулық сақтау министрлігіне барлық өңірлерде шектеу шараларының сақталуын және мониторингтік топтардың күшейтілген жұмыс режимін қамтамасыз етуді тапсырды. Нұр-Сұлтан қаласының, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Қостанай және Ақмола облыстарының әкімі коронавирусқа қарсы вакцинациялау қарқынын арттыруды тапсырды. Әкімдік пен ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне тексеру жүргізіп, емдеу мекемелері мен қоймаларда қажетті дәрілік препараттар мен медициналық бұйымдардың болу нормаларын қамтамасыз ету тапсырылды.

Екінші мәселені талқылау барысында экология және қоршаған ортаны қорғау мәселелері қаралды. Атқарылып жатқан жұмыстар туралы экология, геология және табиғи ресурстар министрі С.Брекешев, энергетика министрі М.Мырзағалиев, индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қ. Өскенбаев, ауыл шаруашылығының бірінші вице-министрі А. Сапаров, Ақтөбе облысының әкімі О. Оразалин, Қарағанды облысының әкімі Ж. Қасымбек баяндады.

Үкімет басшысы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне әкімдіктермен бірлесіп қолданыстағы заңнаманың жаңа талаптарына сәйкес құрылыс полигондарын құру мәселесін пысықтауды тапсырды. ҚР Энергетика министрлігіне әкімдіктермен бірлесіп, жеке сектор мен шаруашылық жүргізуші субъектілерді газдандыру мәселелерін жандандыру тапсырылды. Барлық өңірлердің әкімдіктеріне экологиялық жағдайды жақсарту жөніндегі Жол карталары шеңберінде 2021 жылға жоспарланған барлық іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету тапсырылды.
Дереккөз: https://primeminister.kz/kz/sessions/kr-ukimetinin-otyrysy-04112021-410559