11 қараша күні «Самұрық-Қазына» қорын басқару жөніндегі кеңестің отырысы өтті
- Толығырақ
Қазақстанның Тұңғыш Президентінің төрағалығымен өткен отырыс барысында «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқармасының төрағасы А.Сәтқалиевтің ағымдағы жылдың тоғыз айдағы қызметінің қорытындылары және негізгі стратегиялық мақсаттары мен негізгі даму басымдықтары туралы баяндамасы тыңдалды.
Отырысқа қатысушылар «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ 2022-2031 жылдарға арналған даму стратегиясын мақұлдады. Аталған құжатта Қазақстан экономикасының нақты секторында инфрақұрылымдық, экспортқа бағдарланған және импортты алмастыратын жобаларды іске асыруда инвестицияны ұлғайту қарастырылған.
Сондай-ақ Кеңес мүшелеріне «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның төмен көміртекті дамуға көшу жөніндегі тұжырымдамалық тәсілдерін назарға алды. Сонымен қатар, энергетикалық және экологиялық қауіпсіздік арасында теңгерімді сақтау қажеттілігі айтылды.
Нұрсұлтан Назарбаев «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ ұсынған 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізу мақсаттарын қолдайтынын білдірді.
Сонымен қатар Елбасы энергия жеткізу тізбегінің беріктігін нығайтып, жергілікті үлесті арттырудың, экономиканы әртараптандырудың, соның ішінде заманауи өндіріс қалыптастыру арқылы ішкі нарықты тауармен қамту мен экспорт үлесін ұлғайтудың маңызы зор екеніне тоқталды.
«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ шетелдік озық тәуелсіз әл-ауқат қорларымен ынтымақтастығы мәселесіне ерекше назар аударылды. Бұл орайда Елбасы БАӘ арадағы қарым-қатынас жоғары қарқынмен дамып келе жатқанына тоқталып, олардың бірегей тәжірибесі мен инвестициялық мүмкіндігі Қазақстан экономикасын жаңғырту жолында аса маңызды екенін атап өтті.
Отырыс барысында сондай-ақ «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ және «Қазақтелеком» АҚ басшылығының таяу жылдардағы ағымдағы жағдай мен даму болжамдары туралы есептері тыңдалды.