Қаз   Рус  Eng

Түркістан облысына бөлінген бюджет қаражатын пайдаланылуға жүргізілген сыртқы мемлекеттік аудиттің қорытындылары

2021 жылғы 11 қарашада Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті отырысында Түркістан облысына бөлінген бюджет қаражатының пайдаланылуға жүргізілген аудит қорытындылары шығарылды.

Осы өңірде облыс орталығын Түркістан қаласына көшіруге және тиісті бюджеттік инвестициялардың ұлғаюына байланысты білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, тұрғын үй саласындағы құрылыс объектілерінің, сондай-ақ көлік және инженерлік коммуникациялар, көгалдандыру, абаттандыру жүйелері мен тұрғын үйлер саны өсті. Қаланың рухани-мәдени орталығын одан әрі қайта құру және салу жоспарлануда.

Сонымен қатар, аудит барысында даму бағдарламасын іске асыру кезеңінде 99% деңгейіндегі жалпы қаражатты игеру кезінде, нысаналы индикаторларға қол жеткізу көрсеткіші 80,1% - ды құрағанын анықтады, бұл қаражатты игеру мен нысаналы индикаторларға қол жеткізу арасындағы төмен тәуелділікті көрсетеді.

2020 жылдың соңында «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша жалпы сомасы шамамен 2,0 млрд.теңгеге сатып алу нәтижесінде халықтың әлеуметтік осал топтарына және (немесе) аз қамтылған көп балалы отбасыларға арналған инженерлік желілерге қосылмаған 160 пәтер қазіргі уақытқа дейін қоныстанбаған күйде тұр. Бұдан басқа, жергілікті бюджеттен қоса қаржыландырудың болмауы бөлігінде осы мемлекеттік бағдарлама ережелерін сақтамау, 78 пәтердің сатып алынбауына себеп болды.

Қорытындылай келе ағымдағы жылдың 1 тамызына осы мақсаттарға бөлінген бюджет қаражатын толық игеру кезінде осы санатта кезекте тұрған 3330 адамның 238-і (немесе 7%) әлеуметтік тұрғын үймен қамтамасыз етілмеген.

Облыстың 697 елді мекенінің 151-інде (21,7%) су беру кесте бойынша жүзеге асырылады, бұл өңір халқының өмір сүру сапасына теріс әсерін тигізеді.

Сонымен қатар, 172 елді мекенде электрэнергия қуатының тапшылығы байқалады, нәтижесінде 250 мыңнан астам адам (12,3%) сапалы электр жабдықтаумен қамтамасыз етілмеген.

Сапасыз жоспарлау, сондай-ақ 2018-2020 жылдары пайдаланушы ұйымның талаптарына сәйкес келмейтін газбен жабдықтау объектілерін пайдалануға қабылдау салдарынан 111 объектінің 7-і ғана орталықтандырылған газбен жабдықтауға уақтылы қосылған. Сонымен қатар, аудит кезінде салынған 43 нысан жұмыс істеп тұрған жоқ.

Нәтижесінде, күтілетін газға қол жеткізбестен, Облыстың шамамен 168 мың тұрғыны болды және тиісінше жұмсалған бюджет қаражатын пайдаланудан тиімділікке қол жеткізілмеді.

Ордабасы ауданының Бизнестің жол картасы 2020 шеңберінде Бадам станциясында 2020 жылы салынған мұнай-химия зауытының вагондарын тұрақпен қамтамасыз етуге арналған кірме темір жолдар мақсаты бойынша пайдаланылмайды. Осыған байланысты 1 млрд теңге сомасындағы бюджет қаражаты тиімсіз жұмсалған.
2018-2020 жылдары мектеп салуды біркелкі емес жоспарлау Түркістан қаласында, Сайрам және Сарыағаш аудандарында оқушы орындары тапшылығының өсуіне алып келген. Өңір мектептерінің техникалық жабдықталуында бір қатар жүйелі проблемалар байқалады.

Ауыл шаруашылығы өндірушілерін негізсіз субсидиялау, сондай-ақ субсидияланған малды қайта сатуға, суару жабдығын пайдаланбау, инвестициылық объектілерді пайдалануға беруді созуға алып келген субсидияларды пайдалануды тиісінше мониторинг жүргізбеу фактілері анықталды, бұл 1,3 млрд. теңге сомасына ауыл шаруашылығы өндірушілерін дамытуға арналған мемлекеттік қолдаудың әсерін азайтады. Бұдан басқа, 8 ауыл шаруашылығы өндірушісі пайдаланған жалпы сомасы 0,2 млрд.теңге субсидияларды алуды растауға электрондық шот-фактурларды қайтарып алу фактілеріне жол берілген, бұл негізсіз субсидия алуға арналған схемалардың болуын көрсетеді.

Денсаулық сақтау саласында республикалық бюджеттен жыл сайын бөлінетін нысаналы трансферттер күтілетін өмір сүру ұзақтығының өсу көрсеткіштеріне әсер етпеген, ол Түркістан облысында Республиканың басқа өңірлерімен салыстырғанда соңғы орында тұр.

Есеп комитеті аудит қорытындысы бойынша Үкіметке заңнаманы жетілдіру бойынша тиісті ұсынымдар берді. Түркістан облысының әкіміне анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктерді жою бойынша шаралар қабылдау және қолданыстағы заңнаманы бұзуға жол берген лауазымды адамдардың жауапкершілігін қарау тапсырылды.

19 бұзушылық фактісі бойынша материалдар әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға уәкілетті органдарға жіберілді. Есеп комитеті жекелеген бұзушылық фактілері бойынша процесстік шешім қабылдау үшін мемлекеттік аудит материалдарын құқық қорғау органдарына беру туралы шешім қабылдады.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/esep/press/news/details/283562?lang=kk