2021 жылғы зертттеулер

  «Ұсынымдар әзірлей отырып, агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға бағытталған бюджет қаражатын пайдалану тиімділігінің аудитін жүргізудің әдіснамалық тәсілдерін зерттеу»

  Зерттеу шеңберінде мемлекеттік аудит және қаржылық бақылаудың әлемдік үздік тәжірибелерін шолу бойынша талдамалық жұмыс жүргізілді. Шетелдік тәжірибеге талдау жүргізілді, зерттеу тақырыбына қатысты және шет елдердің мемлекеттік органдарының, атап айтқанда, Жоғары мемлекеттік аудит органдарының (бұдан әрі - ЖАО) және агроөнеркәсіптік кешен (бұдан әрі - АӨК) саласын реттейтін министрліктердің (департаменттердің) сайттарында орналастырылған материалдарды жинау жүзеге асырылды.

  Жиналған материал негізінде жүргізілген ЖАО аудиттерінің нәтижелері (аудиторлық есептер) және Қытай, Чехия, Оңтүстік Корея, Эстония, Латвия, Норвегия, Финляндия, Швеция, Дания, Австралия, АҚШ, Канада, Косово, Үндістан, Пәкістан, Германия, Болгария және Ресей Федерация бойынша даму деңгейін көрсететін материалдар зерттелді.

  Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың ағымдағы жағдайына талдау және тиімділік аудитін жүргізу мақсатында АӨК дамытуға бағытталған бюджет қаражатын пайдаланудың құқықтық негізі мен әдіснамалық базасына шолу жүргізілді.

  Аудит тақырыбын, мәнін, ерекше өлшемшарттарын және аудиторлық іс-шаралардың қаралатын мәселелерін әзірлей отырып, саланың ерекшеліктерін анықтау мақсатында АӨК дамытуға бағытталған бюджет қаражатын пайдаланудың тиімділігі мен заңнамаға сәйкестігі тұрғысынан аудиторлық іс-шараларға талдау жүргізілді.

  АӨК-ні дамытуға бағытталған бюджет қаражатын пайдалану тиімділігіне аудит жүргізудің әдіснамалық тәсілдерін зерттеу негізінде агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға бағытталған бюджет қаражатын пайдалану тиімділігіне аудит жүргізу ерекшеліктерін айқындау бойынша ұсыныстар әзірленді (аудит тақырыбын, мәнін, ерекше өлшемшарттары мен аудиторлық іс-шаралар мәселелерін айқындай отырып).

  https://www.gov.kz/memleket/entities/esep/documents/details/270890?lang=kk

 

  «Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік қолдау шараларының іске асырылу тиімділігіне аудит жүргізудің әдіснамалық тәсілдерін зерттеу»

  Зерттеу шеңберінде салыстырмалы талдау жүргізе отырып, Финляндия, Германия, АҚШ, Канада және Қытай ЖАО-ларының шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік қолдау шараларының іске асырылу тиімділігіне аудит жүргізудің нормативтік-әдістемелік базасы зерделенді және талданды.

  Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік қолдау шараларын регламенттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне талдау, сондай-ақ тиімділік аудитін жүргізу саласын реттейтін НҚА-ға шолу жүргізілді.

  Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің соңғы 3 жылда белгіленген проблемаға қатысты жүргізілген аудиторлық іс-шараларының нәтижелеріне талдау жүргізілді.

  Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік қолдау шараларының іске асырылу тиімділігіне аудит жүргізудің әдіснамалық тәсілдерін зерттеу негізінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік қолдау шараларының іске асырылу тиімділігіне аудит жүргізу жөнінде ұсынымдар әзірленді.

  https://www.gov.kz/memleket/entities/esep/documents/details/270885?lang=kz 

 

  «Мұнай емес сектордың экономика салаларын дамытуға әсер ету тиімділігіне аудит жүргізудің әдіснамалық тәсілдерін зерттеу»

  Зерттеу шеңберінде халық шаруашылығы кешені табиғи ресурстарды өндіруге негізделген елдердің экономикасын әртараптандыру тәжірибесі талданды, экономиканың шикізаттық емес салаларын дамытуды қолдау тиімділігіне аудит жүргізу бойынша шет елдердің жоғары аудиторлық мекемелерінің құзыреттері, сондай-ақ олардың мұнай емес сектордың экономиканың дамуына әсер ету тиімділігіне аудит жүргізу жөніндегі қызметінің практикасы зерделенді.

  Шет елдердің жоғары аудиторлық мекемелерінің экономиканың дамуына мұнайлық емес сектордың әсері тиімділігінің аудитінің нормативтік-әдістемелік базасына салыстырмалы талдау жүргізілді.

  Мұнай емес секторды дамыту және мұнай емес сектордан түсетін кірістердің өсуін ынталандыру жөніндегі шараларды регламенттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне шолу, сондай-ақ шикізаттық емес секторды әртараптандыру және жедел өсу жөніндегі макроэкономикалық саясатта әзірленген тәсілдерге талдау, мұнай емес секторды дамыту жөніндегі шаралардың іске асырылуына оның экономика салаларының дамуына әсерін бағалай отырып талдау жүргізілді.

  Экономиканың нақты секторының тиімділігіне аудит жүргізу саласын реттейтін құқықтық және әдіснамалық құжаттар талданды.

  Халықаралық тәжірибені зерделеуді, заңнаманы және Қазақстан Республикасының мұнай емес секторын дамыту саласындағы ағымдағы жағдайды талдауды ескере отырып, аудитке қойылатын жалпы талаптар негізінде аудиторлық дәлелдемелерді жинау үшін талдамалық және аудиторлық рәсімдерді әзірлеуді, аудиторлық дәлелдемелердің көздерін, аудиттің типтік мәселелерін және әрбір нақты сала, аудит объектісі бойынша тиімділікті бағалау өлшемшарттарын қамтитын мұнай емес сектордың экономика салаларын дамытуға әсер етуі тиімділігінің аудитін жүргізу жөніндегі ұсынымдар әзірленді;

  https://www.gov.kz/memleket/entities/esep/documents/details/270880?lang=kz 

 

  «Мемлекеттің жастар саясатын іске асыру тиімділігінің аудитін жүргізудің әдіснамалық тәсілдерін зерттеу»

  Зерттеу шеңберінде 12 ел: Оңтүстік Корея, Эстония, Норвегия, Финляндия, Швеция, Дания, Австралия, АҚШ, Канада, Германия, Болгария және Ресей Федерациясы мемлекеттерінің жастар саясатын іске асыру тиімділігіне аудит жүргізу бойынша шет елдердің ЖАО-ларының тәсілдері зерделенді және талданды.

  Мемлекеттің жастар саясатын іске асыру тиімділігіне аудит жүргізу бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік және құқықтық базасына талдау, сондай-ақ тиімділік аудитін жүргізу саласын реттейтін НҚА шолу, сондай-ақ тиімділік аудитін жүргізу саласын реттейтін НҚА шолу, сондай-ақ Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті жүргізген (соңғы 5 жылда) аудиторлық (бақылау) іс-шаралардың нәтижелеріне мемлекеттің жастар саясатын іске асыру тиімділігіне аудит жүргізу бөлігінде талдау жүргізілді.

  Мемлекеттің жастар саясатын іске асыру тиімділігіне аудит жүргізудің әдіснамалық тәсілдерін зерттеу негізінде аудиторлық дәлелдемелерді жинау үшін талдамалық және аудиторлық рәсімдерді әзірлеуді, аудиторлық дәлелдемелердің көздерін; аудиттің үлгілік мәселелерін және әрбір нақты сала, аудит объектісі бойынша тиімділікті бағалау өлшемшарттарын қамтитын зерттелген әдіснамалық тәсілдер негізінде мемлекеттің жастар саясатын іске асыру тиімділігіне аудит жүргізу бойынша ұсынымдар әзірленді

  https://www.gov.kz/memleket/entities/esep/documents/details/270878?lang=kz 

 

  «Цифрлық экономикаға көшу саясатын іске асыру тиімділігінің аудитін жүргізудің әдіснамалық тәсілдерін зерттеу»

  Зерттеу шеңберінде Дания, Оңтүстік Корея, Эстония, АҚШ және РФ ЖАО-ның цифрлық экономикаға көшу саясатын іске асыру тиімділігіне аудит жүргізу тәсілдері зерделенді және талданды.

  Цифрлық экономикаға көшу саясатын іске асырудың ағымдағы жағдайы, Қазақстан Республикасының цифрлық экономикасына көшу процесінің нормативтік және құқықтық базасы зерделенді және талданды.

  Халықаралық практика үлгісінде қолданыстағы нормативтік-құқықтық базаның күшті және әлсіз жақтары айқындалды (цифрландыру табысты енгізілген және іске асырылып жатқан елдердің тәжірибесін ескере отырып). Қазіргі қолданыстағы «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының күшті және әлсіз жақтары айқындалды (болған жағдайда себептерін айқындай отырып).

  Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің цифрлық экономикаға көшу саясатының іске асырылу тиімділігіне аудит жүргізу бөлігінде аудиторлық (бақылау) іс-шараларының нәтижелеріне талдау жүргізілді (соңғы 3 жылдағы).

  Зерттелген әдіснамалық тәсілдердің негізінде аудиторлық дәлелдемелерді жинау үшін талдамалық және аудиторлық рәсімдерді әзірлеуді, аудиторлық дәлелдемелердің көздерін; аудиттің үлгілік мәселелерін және әрбір нақты сала, аудит объектісі бойынша тиімділікті бағалау өлшемшарттарын қамтитың цифрлық экономикаға көшу саясатын іске асыру тиімділігіне аудит жүргізуге ұсынымдар әзірленді.

  Ел азаматтарының ашық БАҚ-та қолжетімді цифрландыруға қатысты түсініктемелері мен пікірлері зерттелді (пікірлер, мақалалар, түсініктемелер).

  https://www.gov.kz/memleket/entities/esep/documents/details/270887?lang=kz

 

  «Қазақстан Республикасының экспорттық стратегиясын іске асыру тиімділігінің аудитін жүргізудің әдіснамалық тәсілдерін зерттеу»

  Зерттеу шеңберінде мемлекеттің экспорттық саясатын іске асыруға бағытталған қаражатты пайдалану тиімділігіне аудит жүргізу бойынша Норвегия, Австралия, Канада, Финляндия, АҚШ ЖАО-ларының тәсілдері зерделенді және талданды.

  Ұсыныстар әзірлеу және оларды отандық практикаға енгізу мақсатында экспорт тиімділігіне аудит жүргізуді регламенттейтін ИНТОСАИ стандарттары зерделенді және талданды.

  Экспорттық стратегияны іске асыру саласындағы қатынастарды регламенттейтін Қазақстан Республикасының құқықтық актілеріне талдау, сондай-ақ тиімділік аудитін жүргізу саласын реттейтін НҚА-ға, сондай-ақ Қазақстанның экспорттық стратегиясын іске асыруға қатысты Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті жүргізген аудиторлық (бақылау) іс-шаралардың (соңғы 3 жылда) нәтижелеріне шолу жүргізілді.

  Халықаралық тәжірибені және ИНТОСАИ халықаралық стандарттарын, Қазақстан Республикасының заңнамасын зерделеу негізінде зерттелген әдіснамалық тәсілдерді ескере отырып, аудиторлық дәлелдемелерді жинау үшін талдамалық және аудиторлық рәсімдерді әзірлеуді, аудиторлық дәлелдемелердің көздерін; аудиттің үлгілік мәселелерін және әрбір нақты сала, аудит объектісі бойынша тиімділікті бағалау өлшемшарттарын қамтитын Қазақстан Республикасының экспорттық стратегиясын іске асыруға бағытталған бюджет қаражатын пайдалану тиімділігіне аудит жүргізу бойынша ұсынымдар әзірленді.

  https://www.gov.kz/memleket/entities/esep/documents/details/270883?lang=kz