24.02.2016
- Толығырақ
Елбасы Есеп комитетінің төрағасы Қозы-Көрпеш Жаңбыршинді қабылдады
Қ.Жаңбыршин Мемлекет басшысына Есеп комитетінің 2015 жылғы жұмысының негізгі нәтижелері, бюджет қаражатын жоспарлау мен пайдалануда үнемі кездесетін проблемалар, сондай-ақ алдағы кезеңге арналған міндеттер туралы баяндады.
Қазақстан Президенті былтыр қабылданған «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» заңның жүзеге асырылуын және мемлекеттік аудитке тиімді түрде көшуді қамтамасыз етуді тапсырды. Нұрсұлтан Назарбаев бұған қажетті жағдайлар жасалғанын, Комитет мәртебесі көтеріліп, мақсаттарының аясы кеңейтілгенін, тиісті мамандарды қайта даярлау жүргізіліп жатқанын айтты.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысы аудиттің қаржы мәселелерін ғана емес, орган қызметінің тиімділігін барлық бағытта бағалауды да қамтуы тиістігіне назар аударды.
Қ.Жаңбыршин былтыр Есеп комитеті 303 нысанда 29 бақылау шарасы жүргізгенін мәлімдеді. Анықталған қаржылық заң бұзушылықтар құнының көлемі 2014 жылмен салыстырғанда 3 есе ұлғайып, 1,3 триллион теңге болған. Бақылау шараларының нәтижесі бойынша орны толтырылуға тиіс 128,8 миллиард теңгенің 87,2 миллиард теңгесі өтелген.
Есеп комитетінің төрағасы жүргізілген тексерулер мен бақылау-талдау шаралары қорытындысы бойынша Үкіметке және басқа да бақылау нысандарына 46 ұсыным мен 180 тапсырма жолданғанын айтты. Бұл орайда ұсынымдар мен тапсырмалардың орындалуы тиісінше 98% және 95,8% болды.
Қ.Жаңбыршин бюджеттік және басқа заңнамаларды бұзғаны үшін 75 заңды тұлға және 66 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке, 271 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылғанын атап өтті. Құқық қорғау органдарына бақылау шараларына қатысты 40 материал берілді.
Есеп комитетінің төрағасы Астана және Алматы қалаларының, сондай-ақ облыстардың ревизиялық комиссияларының 2015 жылғы қызметінің негізгі нәтижелері туралы да баяндады.
Мемлекет басшысы кездесу қорытындысы бойынша мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары қызметін жетілдіру жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.
ҚР Президентінің баспасөз қызметі
11.02.2016
- Толығырақ
2016 жылғы 11 ақпанда Есеп комитетінің кезекті отырысы өтті
Ақмола, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан облыстары және Астана қаласы бойынша тексеру комиссияларында Мемлекеттік қаржылық бақылау стандарттары талаптарының сақталуын бақылау бойынша мемлекеттік аудит жүргізудің қорытындысы шығарылды.
2011 жылы облыстардың, Астана және Алматы қалаларының тексеру комиссиялары құрылғаннан бері олардың қызметінің тиімділігін арттыру және мемлекеттік басқару жүйесіндегі рөлін нығайту бойынша ауқымды жұмыстардың атқарылғаны атап өтілді. Тексеру комиссияларының жұмыс істей бастағанына аз уақыт болғанына қарамастан, олар жергілікті жерлердегі сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың толыққанды тәуелсіз органдары болып қалыптасты және олардың қызметтері нәтижелі болып отыр. Сонымен қатар, аудит нәтижесі көрсеткендей, тексеру комиссияларының жұмысында жекелеген кемшіліктер орын алған.
Атап айтқанда, аталған өңірлердің тексеру комиссиялары Мемлекеттік қаржылық бақылау стандарттарының және Сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылауды жүргізу қағидаларының бірқатар бұзушылықтарына жол берген.
Бақылаушылардың жұмыс жоспарларында көзделген мәселелердің бақылау актілерінде толық көрсетілмеу, анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктерді растайтын құжаттардың тиісінше ресімделмеу немесе олардың болмау, объектіні тексеру актісімен таныстыру тәртібінің бұзылу фактілері анықталды.
Ақмола, Қарағанды облыстары және Астана қаласы бойынша тексеру комиссиялары жергілікті атқарушы органға, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға аумақтарды дамыту бағдарламаларын және жергілікті атқарушы органдардың стратегиялық жоспарларын бағалау қорытындыларын жібермеген.
Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясы тиімділікке бақылау жүргізу кезінде мемлекеттік орган және квазимемлекеттік сектор субъектілері қызметінің экономиканың дамуына, әлеуметтік салаға, мемлекеттік басқарудың басқа да салаларына ықпал етуіне кешенді талдау жасамаған.
Астана қаласы бойынша тексеру комиссиясы «Дәлел» стандартын бұза отырып, бірқатар жағдайларда көрсетілген бұзушылықтарды растайтын құжаттарды бақылау актісіне тіркемеген.
Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы жекелеген жағдайларда әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамада жауаптылық көзделмеген бұзушылық фактілері бойынша әкімшілік іс жүргізуді қозғаудың қажеттілігі туралы сараптамалық қорытындылар жасаған.
Аталған өңірлердің тексеру комиссияларының 13 лауазымды адамы Стандарттар мен Қағидалар талаптарының бұзылуына жол бергені үшін қабылдаған шараларға сай тәртіптік жауаптылыққа тартылған.
Есеп комитеті тексеру комиссияларының қызметін жетілдіру және жұмыс тиімділігін арттыру, олардың мемлекеттік аудитті және қаржылық бақылауды жүргізуі кезінде бұзушылықтар мен кемшіліктерді болдырмау мақсатында оларда Стандарттар талаптарының сақталуына бақылау жүргізетіні атап өтілді.
Отырыстың қорытындысы бойынша Есеп комитеті Ақмола, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан облыстары және Астана қаласы бойынша тексеру комиссияларына мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласындағы заңнаманың талаптарын мүлтіксіз сақтау бойынша шаралар қабылдау жөнінде ұсынымдар берді.
Есеп комитетінің баспасөз қызметі
05.02.2016
- Толығырақ
Есеп комитетінің Ғылыми-әдіснамалық кеңесінің отырысы
Ағымдағы жылғы 5 ақпанда Есеп комитетінің Төрағасы Қозыкөрпеш Жаңбыршиннің төрағалығымен Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің Ғылыми-әдіснамалық кеңесінің кезекті отырысы өтті.
«Қаржылық бұзушылықтарды зерттеу жөніндегі орталық» РМК-нің ағымдағы жылы өткізуі үшін Есеп комитеті жоспарлаған зерттеулер бойынша мәселелер талқыланды.
2017-2019 жылдарға жоспарланған зерттеулерді өзекті ету бойынша ұсыныстар қаралды. Алынған нәтижелер «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңды іске асыру үшін нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу кезінде пайдаланылатыны атап өтілді.
Есеп комитетінің Төрағасы қазіргі уақытта мемлекеттік аудит жүйесін құқықтық реттеу және әдіснамалық қамтамасыз ету бойынша ауқымды жұмыстардың жүргізіліп жатырғанын атап кетті.
«Барлық зерттеулер қолданбалы сипатта және мемлекеттік аудитке көшу жағдайында Есеп комитетінің алдында қойылған міндеттерге толығымен жауап беруі тиіс», - деп қорытындылады сөзін Қ. Жаңбыршин.
Есеп комитетінің баспасөз қызметі
09.12.2015
- Толығырақ
Ағымдағы жылғы 10 желтоқсанда Есеп комитетінiң отырысы өтедi, онда су шаруашылығын дамытуға бөлінген республикалық бюджет қаражатының пайдаланылу тиімділігін бақылаудың қорытындысы қаралады
Отырыс барысында Есеп комитетінiң Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитетінде және оның бірқатар ведомстволық бағынысты ұйымдарында жүргізген бақылау іс-шараларының қорытындысы шығарылатын болады.
Отырысқа қатысу үшін бақылау объектілерiнiң бюджет қаражатының пайдаланылуына жауапты басшылары және лауазымды адамдары шақырылды.
Есеп комитетінің баспасөз қызметі
02.12.2015
- Толығырақ
Ағымдағы жылғы 3 желтоқсанда Есеп комитетінiң отырысы өтедi, онда көлік инфрақұрылымын дамытуға бөлінген қаражаттың пайдаланылу тиімділігін бақылау-талдамалық іс-шараның, сондай-ақ Мәдениет және спорт министрлігіне жекелеген бюджеттік бағдарламаларды іске асыруға бөлінген бюджет қаражатының пайдаланылу тиімділігін бақылаудың қорытындысы қаралады
Отырыс барысында Есеп комитетінiң Инвестициялар және даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінде, Мәдениет және спорт министрлігінде және оның бірқатар ведомстволық бағынысты мекемелерінде жүргізген бақылау іс-шараларының қорытындысы шығарылатын болады.
Отырысқа қатысу үшін бюджет қаражатының пайдаланылуына жауапты бақылау объектілерiнiң басшылары және лауазымды адамдар шақырылды.
Есеп комитетінің баспасөз қызметі
20.11.2015
- Толығырақ
Есеп комитетінің Ғылыми-әдіснамалық кеңесінің отырысы
Ағымдағы жылғы 20 қарашада Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің Ғылыми-әдіснамалық кеңесінің кезекті отырысы өтті.
Есеп комитетінің «Қаржылық бұзушылықтарды зерттеу жөніндегі орталық» РМК-нің мемлекеттік тапсырма шеңберінде жүргізілген 2015 жылға арналған зерттеулер туралы есептері қаралды.
«Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» қабылданған Заңға сай, Есеп комитетіне сәйкестік аудитін және бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің шоғырландырылған қаржылық есептілігіне аудит жүргізу бойынша функциялардың берілгені атап өтілді.
Осыған орай, «Қаржылық бұзушылықтарды зерттеу жөніндегі орталық» РМК тиісті зерттеулерді дайындаған, осы зерттеулердің шеңберінде алынған нәтижелерді мемлекеттік аудитке көшуге қажетті, әзірленіп отырған әдіснамалық база үшін пайдалану мақсатында аудиттің тиісті типтерін жоспарлау мен жүргізудің халықаралық озық тәжірибесі зерделенген.
Отырыстың қорытындысы бойынша ұсынылған есептерді берілген ескертулер мен ұсыныстарды ескере отырып пысықтаудың қажеттілігі туралы шешім қабылданды.
Есеп комитетінің баспасөз қызметі
16.11.2015
- Толығырақ
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды
Мемлекет басшысы бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам – Ұлт жоспарын іске асыруға және заңнаманы «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының заңына сәйкес келтіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды
Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі
13.11.2015
- Толығырақ
Мемлекет басшысы «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды
Мемлекет басшысы бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам – Ұлт жоспарын іске асыруға бағытталған, мемлекеттік аудитпен және қаржылық бақылаумен байланысты қатынастарды реттейтін, сондай-ақ мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының өкілеттіктері мен қызметін ұйымдастыруды айқындайтын «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды
Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі
06 қараша 2015 жыл
- Толығырақ
Есеп комитетінде Сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау органдары үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өтті
Есеп комитетінде Сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау органдары үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өтті.
Үйлестіру кеңесінің жұмысына Қаржы министрлігінің өкілдері, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының тексеру комиссияларының төрағалары қатысты. Отырысқа қатысушылар Парламент қабылдаған «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңды іске асыру үшін нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді әзірлеу мәселелерін талқылады.
Аталған құжаттар мемлекеттік аудитті және қаржылық бақылауды жүргізудің бірыңғай рәсімдерін белгілеуге, жоспарлау кезінде қолданылатын тәуекелдерді басқару жүйесін жетілдіруге, сыртқы мемлекеттік аудит органдарының есептілікті ұсынуларына, Есеп комитетінің ақпараттық жүйесінің жұмыс істеуіне бағытталған.
Мемлекеттік аудиторларды сертификаттаудың бірыңғай жүйесін ұйымдастыру, мемлекеттік аудитке көшуге байланысты мемлекеттік қаржылық бақылау жүйесі қызметкерлерін сертификаттау үшін олардың біліктілігін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының қызметіндегі сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимыл мәселелері талқыланды. Бақылау объектілерінің бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалануы кезінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың және оған қарсы күрестің маңыздылығы айқындалды.
Есеп комитетінің өңірлерде жүргізген бақылау іс-шараларының барысында анықталған Мемлекеттік қаржылық бақылау стандарттарын жекелеген тексеру комиссиялары қызметкерлерінің сақтамау фактілері атап өтілді. Отырыс қорытындысы бойынша мемлекеттік қаржылық бақылау органдары қызметінің тиімділігін арттыруға, олардың өзара конструктивті іс-қимылын ұйымдастыруға, сондай-ақ Үйлестіру кеңесінің қызметін одан әрі жетілдіруге бағытталған шешімдер қабылданды.
Сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының үйлестіру кеңесі Есеп комитетінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады. Оның қызметінің мақсаты ең өзекті проблемаларды алқалық талқылау арқылы жұмысты ұйымдастырудың бірыңғай қағидаттары мен әдіснамасы негізінде тиімді өзара іс-қимылға ықпал жасау болып табылады. Үйлестіру кеңесінің құрамына Есеп комитетінің Төрағасы және екі мүшесі, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының тексеру комиссияларының төрағалары кіреді.
Есеп комитетінің баспасөз қызметі
06.11.2015
- Толығырақ
Есеп комитетінде 2015 жылғы 6 қарашада облыстардың, Астана және Алматы қалаларының тексеру комиссиялары үшін мемлекеттік аудитке көшу мәселелері бойынша семинар өткізілді
Есеп комитетінде 2015 жылғы 6 қарашада облыстардың, Астана және Алматы қалаларының тексеру комиссиялары үшін мемлекеттік аудитке көшу мәселелері бойынша семинар өткізілді.
Мемлекеттік аудитке көшу мәселелері бойынша семинарға облыстардың, Астана және Алматы қалаларының тексеру комиссияларының төрағалары, аппарат мүшелері мен қызметкерлері қатысты.
Семинарға қатысушылар Парламент қабылдаған «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы», «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңдардың негізгі ережелерін және оларды іске асыру мәселелерін, осыған байланысты мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының өзара іс-қимылының жаңа нысанын ұйымдастыру шараларын талқылады.
Мемлекеттік аудитті және қаржылық бақылауды жүргізуге қойылатын талаптар, 2016-2017 жылдарға арналған тексеру комиссиялары қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және мемлекеттік аудитор біліктілігін беруге үміткер адамдарды сертификаттау бойынша жұмыстардың ұйымдастырушылық және құқықтық аспектілері қаралды.
Есеп комитетінің баспасөз қызметі