Қаз   Рус  Eng

14.10.2015

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің отырысына қатысу үшін Қазақстанға келген Ресей Федерациясы Есеп палатасының делегациясы Есеп комитетіне келді

Кездесуге Ресейдің Есеп палатасының аппарат басшысының орынбасары Елена Шипилева, әдіснамалық қамтамасыз ету және сыртқы мемлекеттік аудитті жүзеге асыру департаментінің директоры Наталья Кузнецова және оның орынбасары Леонид Богданов қатысты.

Екі елдің жоғары қаржы бақылау органдарының ынтымақтастық мәселелері екі жақты негіздеде, Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) шеңберінде де талқыланды.

Қазақстанның Есеп комитетінің өкілдері ресейлік әріптестерін мемлекеттік аудитке көшу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар, «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» заң жобасының Парламентте қаралуына байланысты, Есеп комитетінің өкілеттіктерін кеңейтуді көздейтін алдағы өзгерістер туралы хабардар етті.

Өз кезегінде, Ресейдің жоғары қаржы бақылау органының өкілдері Есеп палатасы жұмысының ең маңызды бағыттарына, бюджет жобасына бағалау жүргізудің, мекеменің қызметін стандарттаудың ерекшеліктеріне тоқталды.

Қатысушылар ЕАЭО органдарда аудитті (бақылауды) жоспарлау және жүзеге асыру барысындағы өзара іс-қимыл мәселелері туралы пікірлерімен алмасты. Серпінді дамып келе жатқан еуразиялық интеграциялық процестер жағдайында сыртқы аудиттің (бақылаудың) нормативтік және әдіснамалық құжаттарын, соның ішінде аудиттің тиісті стандарттарын әзірлеудің қажеттілігін атап өтті.

Кездесудің қорытындысы бойынша бірлескен жұмыстарды одан әрі жандандыру, соның ішінде екі жаққа бірдей қызуғушылық танытатын мәселелер бойынша пайдалы тәжірибемен алмасу жөнінде уағдаластықтарға қол жеткізді.

Есеп комитетінің баспасөз қызметі