06 қараша 2015 жыл
- Толығырақ
Есеп комитетінде Сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау органдары үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өтті
Есеп комитетінде Сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау органдары үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өтті.
Үйлестіру кеңесінің жұмысына Қаржы министрлігінің өкілдері, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының тексеру комиссияларының төрағалары қатысты. Отырысқа қатысушылар Парламент қабылдаған «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңды іске асыру үшін нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді әзірлеу мәселелерін талқылады.
Аталған құжаттар мемлекеттік аудитті және қаржылық бақылауды жүргізудің бірыңғай рәсімдерін белгілеуге, жоспарлау кезінде қолданылатын тәуекелдерді басқару жүйесін жетілдіруге, сыртқы мемлекеттік аудит органдарының есептілікті ұсынуларына, Есеп комитетінің ақпараттық жүйесінің жұмыс істеуіне бағытталған.
Мемлекеттік аудиторларды сертификаттаудың бірыңғай жүйесін ұйымдастыру, мемлекеттік аудитке көшуге байланысты мемлекеттік қаржылық бақылау жүйесі қызметкерлерін сертификаттау үшін олардың біліктілігін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының қызметіндегі сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимыл мәселелері талқыланды. Бақылау объектілерінің бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалануы кезінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың және оған қарсы күрестің маңыздылығы айқындалды.
Есеп комитетінің өңірлерде жүргізген бақылау іс-шараларының барысында анықталған Мемлекеттік қаржылық бақылау стандарттарын жекелеген тексеру комиссиялары қызметкерлерінің сақтамау фактілері атап өтілді. Отырыс қорытындысы бойынша мемлекеттік қаржылық бақылау органдары қызметінің тиімділігін арттыруға, олардың өзара конструктивті іс-қимылын ұйымдастыруға, сондай-ақ Үйлестіру кеңесінің қызметін одан әрі жетілдіруге бағытталған шешімдер қабылданды.
Сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының үйлестіру кеңесі Есеп комитетінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады. Оның қызметінің мақсаты ең өзекті проблемаларды алқалық талқылау арқылы жұмысты ұйымдастырудың бірыңғай қағидаттары мен әдіснамасы негізінде тиімді өзара іс-қимылға ықпал жасау болып табылады. Үйлестіру кеңесінің құрамына Есеп комитетінің Төрағасы және екі мүшесі, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының тексеру комиссияларының төрағалары кіреді.
Есеп комитетінің баспасөз қызметі
Бас бет