04.11.2015
- Толығырақ
Ағымдағы жылғы 6 қарашада Есеп комитетінде Сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өтеді
Ағымдағы жылғы 6 қарашада Есеп комитетінде Сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өтеді
Үйлестіру кеңесінің жұмысына Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің өкілдері, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының тексеру комиссияларының төрағалары қатысады.
Отырыс барысында «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы», «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңдарды іске асыру үшін әзірленген нормативтік құқықтық және құқықтық актілер жобаларын, мемлекеттік аудиторларды сертификаттаудың бірыңғай жүйесін ұйымдастыру, сондай-ақ мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының қызметінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимыл мәселелерін талқылау жоспарланып отыр.
Сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының үйлестіру кеңесі Есеп комитетінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады. Оның қызметінің мақсаты ең өзекті проблемаларды алқалық талқылау арқылы жұмысты ұйымдастырудың бірыңғай қағидалары мен әдіснамасы негізінде тиімді өзара іс-қимылға ықпал жасау болып табылады. Үйлестіру кеңесінің құрамына Есеп комитетінің Төрағасы және екі мүшесі, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының тексеру комиссияларының төрағалары кіреді.
Есеп комитетінің баспасөз қызметі