Есеп комитетінде Сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау органдары үйлестіру кеңесінің кезекті 5-ші отырысы болды
- Толығырақ
Отырыста тәуекелдерді басқару үлгі жүйесінің бақылауды жоспарлау мен жүргізу кезінде қолданылатын мәселелері, тексеру комиссияларының мемлекеттік қаржылық бақылау стандарттарын сақтау, тексеру барысында анықталатын кемшіліктер мен заңнама бұзушылықтарын мониторингілеуді ұйымдастыру, сондай-ақ кеңестің өткен отырыстарындағы шешімдердің орындалуы қаралды.
Отырыс нәтижелері бойынша тәуекелдерді басқару жүйесіне бірыңғай принциптер мен тәсілдерді әзірлеу үшін ведомствоаралық жұмыс тобын құру ұсынылды. Осындай шешімнің қабылданған себебі: мемлекеттік аудитке көшу шеңдберінде қазіргі кезде қолданылатын әдістердің жаңа заңнама талаптарына толық көлемде сәйкес келмейтіндігі болып отыр.
Есеп комитетінің бақылау қорытындылары бойынша жекелеген тексеру комиссияларының бекітілген мемлекеттік қаржылық бақылау стандарттарының талаптарын сақтамағаны туралы анықталған фактілер аталды. Тексеру комиссияларының төрағаларына стандарт талаптарын мүлтіксіз сақтауды қамтамасыз ету, сапаны бақылау қызметтерінің қызметкерлерін Есеп комитетінде өтіл өткізуге жіберу ұсынылды.
Отырыс қорытындылары бойынша Үйлестіру кеңесінің 2014 жылға арналған жоспары қабылданды.
Бұдан бөлек, Тексеру комиссиялары Төрағаларының Астана қаласында болу кезінде, олар үшін Есеп комитетінің базасында екі күндік семинар ұйымдастырылды, онда елге мемлекеттік аудитті, мемлекеттік қаржылық бақылау стандарттарын, қосарлас бақылау іс-шараларын жүргізуді, бақылаушылардың қызметін бағалауды және басқаларды енгізу мәселелері қаралды.
Сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының үйлестіру кеңесі Есеп комитетінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады. Кеңес қызметінің мақсаты: ең өзекті проблемаларды ұжымдық талқылау жолымен, жұмысты ұйымдастыруда бірыңғай принциптер негізінде қалыптастыру мен өзара тиімді әрекеттесугежәрдемдесу болып табылады. Кеңестің құрамына: Есеп комитетінің Төрағасы мен екі мүшесі, облыстардың, Алматы мен Астана қалалары тексеру комиссияларының төрағалары кіреді.
Есеп комитетінің баспасөз қызметі