Қаз   Рус  Eng

Есеп комитеті Алматы облысына Республикалық бюджетіен бөлінген қаражаттарды игеруге қатысты бақылаудың қорытындысын шығарды

Отырыс барысында Есеп комитеті Алматы облысы әкімінің мақсатты трансферттер бойынша келісімдер шеңберінде қабылданған міндеттемелер бойынша ақырғы нәтижелерге жетудің қажетті шараларын қолға алмағанын, сондай-ақ бюджеттік жоспарлау мәселелеріне кешенді амалдардың болмай отырғандығын атап көрсетті.

 

Almatinskaya      Облысты әлеуметтік-экономикалық дамытуға бөлінген мақсатты трансферттерді жергілікті атқарушы органдар жеткілікті тиімді пайдаланбауда. Өңірлердің аудандық бюджеттерін дамытуға арналған мақсатты трансферттердің уақыттылы аударылмау фактілері белгілі болды. Талдықорған және Қапшағай қалаларының, Алакөл және Талғар аудандарының әкімдері жалпы сомасы 881,5 млн. теңгеге мақсатты трансферттер бойынша келісім-шарттар жасау уақыттылығын сақтамаған. 2011-2012 жылдардағы мақсатты трансферттердің игерілмеген жалпы сомасы 1 млрд.теңгені құрады.

Мақсатты трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісімдермен қарастырылған іс-шаралар, тұрғын үй-коммуналды шаруашылық жүйесін дамыту бөлігінде, халықты орталықтандырылған сумен жабдықтаумен қамтамасыз ету толық көлемде орындалмаған. Сөйтіп, бюджет қаражатының игерілмеуі салдарынан Алакөл ауданы орталығы Үшарал қаласында он бір мың адам сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілмеген.
        Бірқатар бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру құрылыс-монтаж жұмыстары өндірісінде уәкілетті орган рұқсатының жоқ кезінде жүзеге асырылған. Қалалардағы-Алматы қаласы спутниктерінде инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымы құрылысы бойынша инвестициялық жобаларды іске асыруға арналған республикалық бюджет қаражаты жұмсалғандығы, сондай-ақ үлескерлердің қатысуымен салынған тұрғын үй кешендері, жер учаскелерімен заңнамамен белгіленген тәртіпте қамтамасыз етілмегендік, орындалмаған жұмыс көлемі үшін мердігерлік ұйымдарға қаражат аударылу, сондай-ақ білім беру объектілері үшін құралдардың уақыттылы жеткізілмеу фактілері белгілі болды.
        Облыстың Кедендік бақылау департаменті кедендік қамтамасыз ету сомасын республикалық бюджетке аудару және қайтару тәртібін жүйелі түрде бұзып келеді. Дербес шоттарды жүргізу тәртібі сақталмайды, кедендік төлемдер мен салықтардың төленген сомасынан артық қалғандардың (қателесу) болуы туралы растау дер кезінде берілмейді.
        Отырыс қорытындысы бойынша Алматы облысы әкіміне анықталған бұзушылықтарды жою, бюджеттік және өзге заңнама талаптарын бұзушылыққа жол берген лауазымды тұлғалар жауапкершілігін қарау бойынша шараларды қолға алу тапсырылды, сондай-ақ бірқатар басқа тапсырмалар берілді.
        Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті Қазақстан Республикасы Президентіне тікелей бағынысты және есеп беретін қаржылық бақылаудың жоғарғы органы болып табылады. Республикалық бюджеттің атқарылуын, мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылу барысын, орталық мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын сыртқы бақылауды және бағалауды жүзеге асырады. Квазимемлекеттік субъектілерге бөлінген мемлекеттік қаржылық ресурстардың пайдаланылуын бақылайды. Мемлекет гранттары мен активтерін, мемлекет кепілдік берген займдарды пайдалану тиімділігіне талдау, сондай-ақ Ұлттық банктің активтерді пайдалану сәйкестігіне бақылау жүргізеді.

Есеп комитетінің баспасөз қызметі