Зерттеулер, талдау және тиімділікті бағалау орталығының ұйымдастыруымен мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары қызметкерлерінің біліктілігін арттыру семинары Бельгия Корольдігінде, Люксембург Ұлы Герцогтігінде және Франция Республикасында өткіз
- Толығырақ
2025 жылғы 30 қараша мен 6 желтоқсан аралығында мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының қызметкерлері Бельгия Корольдігінде өткен «Мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік сектордың қызмет тиімділігін және мемлекеттік активтерді басқаруды бағалаудағы мемлекеттік аудиттің халықаралық тәжірибесі» тақырыбындағы оқыту семинарына қатысты. Аталған семинар Зерттеулер, талдау және тиімділікті бағалау орталығы мен Бельгия білім беру кеңесінің (Belgian Education Council) бірлесіп ұйымдастыруымен өткізілді.
Қазақстандық тыңдаушылар тобы мемлекеттік аудит саласындағы еуропалық тәжірибені зерделеуге бағытталған біліктілікті арттыру бағдарламасынан өтті. Бағдарлама аясында жергілікті бюджеттерді жоспарлау және орындау тиімділігіне аудит жүргізу мәселелері, сондай-ақ Еуропалық Одақтың бюджет қаражатын пайдалануын бақылау мен бағалаудың заманауи құралдары қарастырылды.
Бағдарлама Еуропалық Одақтың, Бельгияның және Францияның негізгі институттарына оқу сапарларын қамтыды. Атап айтқанда, Еуропалық комиссияға, Еуропалық парламентке, Бельгияның Есеп палатасына, Люксембургтегі Еуропалық есеп палатасына және Францияның Есеп палатасына бару ұйымдастырылды. Мемлекеттік аудит органдарының парламенттік құрылымдармен өзара іс-қимыл тетіктеріне, ашықтықты қамтамасыз ету мәселелеріне, еуропалық қаражатқа қатысты алаяқтықтың алдын алуға және ұлттық аудит органдарымен үйлестіруге ерекше назар аударылды.
Бағдарлама барысында қатысушылар аудиттің мамандандырылған бағыттары бойынша тәжірибемен танысты, оның ішінде экология және климат, денсаулық сақтау және әлеуметтік саясат, цифрландыру және киберқауіпсіздік, білім беру және ғылым салалары қамтылды. Жеке блок Еуропалық Одақта аудиторларды даярлау және біліктілігін арттыру жүйесіне, соның ішінде сертификаттау мен үздіксіз кәсіби даму бағдарламаларына, сондай-ақ тәуекелдерді басқару және деректермен жұмыс істеу саласындағы аудиторлардың заманауи құзыреттер кірді.
Алынған тәжірибе мен орнатылған кәсіби байланыстар халықаралық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға негіз болып, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүйесін жетілдіру бойынша ұсынымдарды әзірлеуде, сондай-ақ Қазақстан Республикасында озық еуропалық тәжірибелерді енгізуде пайдаланылатын болады.


Мемлекеттік аудиторларды сертификаттау қорытындылары шығарылды
- Толығырақ
Жоғары аудиторлық палата мемлекеттік аудиторларды сертификаттаудың кезекті кезеңін аяқтады. Үшінші тоқсанда 40 маман біліктілік сынақтарынан өтті. Сертификаттау екі кезеңнен тұрады.
1️⃣ Алдымен кандидаттар Зерттеулер, талдау және тиімділікті бағалау орталығында емтихан тапсырады. Мұнда бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік бойынша білім ғана емес, сонымен қатар аудит қағидаттарын (сәйкестік, тиімділік және т.б.) түсіну деңгейі де тексеріледі.
2️⃣ Кейін үміткерлер Ұлттық комиссияда әңгімелесуден өтеді. Бұл кезеңде қатысушылар кәсіби даярлығын, жауапты шешім қабылдау және мамандықтың этикалық қағидаттарын ұстану қабілетін көрсетуі тиіс. Нәтижесінде 15 адамға мемлекеттік аудитор біліктілігі берілді. Ал 25 қатысушыға объективті себептерге байланысты біліктілік берілмеді. Жоғары аудиторлық палата кандидаттарды іріктеу сапасына ерекше мән береді. Сертификаттау қатаң әрі ашық түрде өтеді, себебі аудиторлардың кәсібилігі мемлекеттік аудит жүйесінің сенімділігіне тікелей әсер етеді.
Дереккөз – https://www.gov.kz/memleket/entities/esep/press/news/details/1083396?lang=kk
Зерттеулер, талдау және тиімділікті бағалау орталығы Сертификатталған бухгалтерлер алқабилер қауымдастығының (ACCA) серіктесі ретінде аккредитациядан өтті
- Толығырақ
Зерттеулер, талдау және тиімділікті бағалау орталығы Сертификатталған бухгалтерлер алқабилер қауымдастығының серіктесі ретінде тіркелген (Registered Learning Partner).
Алынған серіктестік мәртебесі Орталықтың халықаралық ACCA стандарттарына сай жоғары сапалы оқыту жүргізетінін растайды.
Қазіргі уақытта Орталық IPSAS ACCA (Қоғамдық сектор үшін халықаралық қаржылық есеп стандарттары) және F9 – Қаржылық менеджмент курстары бойынша 42-ден астам тыңдаушыны оқытты.
Сонымен қатар, ACCA-мен жасалған меморандум аясында, алғаш рет Қазақстанда Орталық халықаралық аудит (CertIA) бойынша оқытуды өткізетін болады.
Бұл курс тыңдаушыларда ішкі аудит функциясын ұйымдастыруға қойылатын жалпы қабылданған талаптарды пайдалана отырып, ішкі аудит саласындағы маманның біліміне объективті сипаттама беретін халықаралық аудит стандарттарының қағидаттары мен қолданылуы бойынша теориялық білім мен практикалық дағдыларды қалыптастырады.
Семинар барысында: халықаралық аудит стандарттарының құрылымы мен мазмұны, жоспарлау, ішкі бақылау және аудиторлық дәлелдемелер, сондай-ақ елеулі бұрмалау тәуекелдерін жою рәсімдері мен есептілік қаралады.

Зерттеулер, талдау және тиімділікті бағалау орталығы Корей Республикасында мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары қызметкерлерінің біліктілігін арттыру семинарын ұйымдастырды
- Толығырақ
2025 жылғы 7-13 қыркүйек аралығында мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының қызметкерлері Корей Республикасындағы International World in Korea-мен бірлесіп, Зерттеулер, талдау және тиімділікті бағалау орталығы ұйымдастырған «Мемлекеттік аудит жүйесі және мемлекеттік басқару практикасы: Корей Республикасының тәжірибесі» тақырыбындағы оқыту семинарына қатысты.
Қазақстандық тыңдаушылар тобы мемлекеттік аудитті дамытудың негізгі бағыттары, цифрлық шешімдерді енгізу, парламенттік бақылау бойынша тренингтерден өтті, сондай-ақ Аудит және инспекция жөніндегі комиссияға, Ұлттық жиналысқа институционалдық сапарлар өтті. Елордалық білім басқармасы және Сеул қалалық кеңесі.
Тәуекелге бағдарланған тәсілді қолдануға, BARON цифрлық аудит жүйесіне, аудиторларды даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі Корей тәжірибесіне, аудит органдарының Парламентпен және жұртшылықпен өзара іс-қимылына ерекше назар аударылды.
Сапар аясында Корей–Қазақстан парламенттік достық қауымдастығы төрағасының орынбасары SEO Yungseok және төрағаның орынбасары және Сеул қалалық жиналысының депутаты Kim in Jae-мен кездесулер өтті. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүйесі кадрларының біліктілігін арттыру бойынша білім беру бағдарламаларын әзірлеу саласындағы ынтымақтастық перспективалары мен бірлескен бастамалар талқыланды.
Алынған тәжірибе аудиторлық қызметті жетілдіру және Қазақстанда заманауи тәжірибелерді енгізу бойынша ұсынымдарды әзірлеу үшін негіз болады.



Қазақстандық делегация АЗОСАИ-дың дағдарысқа қарсы басқару аудиті жөніндегі семинарына қатысты
- Толығырақ
Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының мүшесі Рүстем Нұрпейісов бастаған ЖТН BR21882352 «Мемлекеттік аудитті дамытудың жаңа парадигмасы мен тұжырымдамасын, ұлттық ресурстарды басқару және тиімді пайдалану сапасын бағалау жүйесін жақсарту бойынша ұсынымдарды әзірлеу» бағдарламасының ғылыми қызметкерлері Ляйлим Кашимова, Асия Ускенбаева, Замзагуль Жаныбаева Корея Республикасының Аудит және инспекция жөніндегі кеңесі ұйымдастырған АЗОСАИ-дың Дағдарысқа қарсы басқару аудиті жөніндегі жұмыс тобының (ДБАЖТ) 3-семинарына қатысты.
Іс-шараға АЗОСАИ-ға мүше елдердің жоғары аудит органдарының өкілдері қатысты. Мемлекеттік аудит саласында тәжірибе алмасуға және үздік тәжірибелерді тарату, әсіресе жаһандық сын-қатерлер жағдайында дағдарысқа қарсы басқару аудиті әдіснамасын жетілдіру мәселелері талқыланды.
Семинар аясында Индонезия, Иран, Корея, Қытай, Малайзия, Моңғолия, Сауд Арабиясы, Таиланд және басқа елдер өздерінің практикалық кейстерін ұсынған тақырыптық сессиялар өтті. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы мен Корея Республикасының Аудит және инспекция жөніндегі кеңесі арасында екіжақты кездесу болды.
Өз сөзінде Р. Нұрпейісов Корея Республикасымен тәжірибе алмасудың Қазақстандағы мемлекеттік аудит жүйесін реформалау жағдайында ерекше мәнге ие екенін атап өтті. Кореяның Аудит және инспекция жөніндегі кеңесінің тәжірибесі мен тәсілдері мемлекеттік басқару сапасын бағалау және ұлттық ресурстарды тиімді пайдалану тетіктерін жетілдіру үшін құнды бағдар болып табылады.
Кездесу соңында қазақстандық делегация қонақжай тарапқа нәтижелі ынтымақтастығы үшін алғыс білдіріп, Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасының жоғары аудит органдары арасындағы достық және әріптестік қатынастарды одан әрі нығайтуға дайын екенін растады.


Зерттеулер, талдау және тиімділікті бағалау орталығының сарапшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының Ғылыми-сарапшылық кеңесінің отырысына қатысты
- Толығырақ
2025 жылғы 20 тамызда Қазақстан халқы Ассамблеясының Ғылыми-сарапшылық кеңесінің жұмыс отырысы өтті. Іс-шараны Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты ұйымдастырды.
Отырыс Қазақстан Республикасы Конституциясы күніне арналды.
«Конституция – этносаралық қатынастарды реттеуші агрегат рөлінде: де-юре және де-факто дефинициялар» тақырыбында «Зерттеулер және болжамдау» бөлімінің аға сарапшы-редакторы, ҚХА ҒСК Жас ғалымдар клубының мүшесі Рашид Қалдыбекұлы Кемелбек баяндама жасады.
Жұмыс барысында қатысушылар этносаралық қатынастарды реттеудің құқықтық және қолданбалы аспектілерін, сондай-ақ этносаралық келісімді дамытуға бағытталған ғылыми-зерттеу жобаларының басымдықтарын талқылады.
Отырыс қатысушылары сондай-ақ ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесінің Жас ғалымдар клубы жүзеге асырып жатқан жобалардың іске асырылу барысымен танысып, олардың этносаралық қатынастарды дамытудағы маңыздылығын талқылады, сондай-ақ этносаралық саладағы өзекті мәселелер бойынша сараптамалық пікір алмасты.

Астанада Қазақстан мен Ресейдің жоғарғы аудит органдары басшыларының кездесуі өтті
- Толығырақ
Астанада Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасының төрағасы Әлихан Смайылов пен Ресей Федерациясының Есеп палатасының төрағасы Борис Ковальчуктің ресми кездесуі өтті, осы іс-шараға «Зерттеулер, талдау және тиімділікті бағалау орталығы» ЖШС-де қатысты. Іс-шара ресейлік мамандардың елімізге жұмыс сапары аясында ұйымдастырылды.
Кездесу барысында ҚР Жоғары аудиторлық палатасының төрағасы Әлихан Смайылов пен РФ Есеп палатасының төрағасы Борис Ковальчук дөңгелек үстелді қорытындылап, екі елдің жоғары аудит органдары арасындағы кәсіби ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған аудит қызметін цифрландыру, тәжірибе алмасу, бірлескен оқу іс-шараларын өткізу сияқты өзекті бағыттар талқыланды.
Өз сөзінде Әлихан Смайылов екі ведомство арасындағы әріптестік көпжылдық ынтымақтастыққа, өзара құрмет пен сенімге негізделгенін атап өтті.
Бүгінде бұл ынтымақтастық екіжақты форматта да, сондай-ақ ИНТОСАИ, АЗОСАИ, ШЫҰ, ТМД және ЕАЭО сияқты жетекші халықаралық ұйымдар аясында да белсенді дамып келеді. Бұл ұлттық аудит органдарының халықаралық аренадағы ұстанымдарын үйлестіруге және нығайтуға мүмкіндік береді.
Әлихан Смайылов ҚР Жоғары аудиторлық палатасы төрағалық ететін ТМД елдерінің мемлекеттік қаржылық бақылау стандарттарын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының қызметіне РФ Есеп палатасының қосқан үлесін атап өтті. Қазіргі уақытта осы жұмыс тобы аясында үш құжат жобасы мақұлданды.
Ынтымақтастық Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде де белсенді жалғасуда. Екі тарап он жылдан астам уақыт ЕАЭО органдарының сыртқы аудитін, сондай-ақ кедендік баждардың жиналу және бөліну тәртібін бірлесіп тексеруді табысты жүзеге асырып келеді. Бұл өзара сенім мен кәсіби деңгейдің жоғары екендігін көрсетеді.
«Біз Ресей Федерациясында мемлекеттік аудит саласында қолданылатын тәсілдер мен құралдарды қызығушылықпен зерттеп отырамыз және өз тарапымыздан да тәжірибемізбен, жетістіктерімізбен бөлісуге дайынбыз», — деді Әлихан Смайылов.
Төраға ресейлік әріптестеріне Қазақстандағы мемлекеттік аудит жүйесінің реформасы туралы да баяндады.
Реформа аясында Жоғары аудиторлық палатаның мәртебесі арттырылып, өкілеттігі кеңейтілді.
2023 жылдан бастап Палата жергілікті бюджеттерге аудит жүргізе алады және басқа мемлекеттік аудит органдары жүргізген тексерулердің қорытындыларын қайта қарай алады.
Парламентпен өзара іс-қимылды күшейту мақсатында Мәжілістің сұрауы бойынша екі тақырыптық есеп дайындалып, ұсынылады.
Сондай-ақ Жоғары аудиторлық палата мемлекеттік аудитор лауазымына үміткерлер үшін бірыңғай емтихан өткізетін өкілеттікке ие болды. Бұл кадрлардың кәсіби деңгейін арттыруға ықпал етеді.
Аудит қызметін цифрландыру, оның ішінде заманауи ақпараттық технологияларды, жасанды интеллект пен үлкен деректерді өңдеу құралдарын енгізу даму бағыттарының бірі болып отыр.
Сонымен қатар Жоғары аудиторлық палатаның әлеуетін нығайту, тек аудиттің ғана емес, мемлекеттік орган қызметінің сапасын бақылауды күшейтуге бағытталған шаралар іске асырылуда.
«Жоғары аудиторлық палатаның құзыретін кеңейту – инновациялық тәсілдерді, озық халықаралық тәжірибе мен стандарттарды тұрақты енгізуді, барлық институционалдық және ұйымдастырушылық аспектілерді терең пысықтауды, сондай-ақ мемлекеттік аудиторлардың біліктілігін жүйелі арттыруды талап етеді», — деп атап өтті Әлихан Смайылов.
Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы мемлекеттік аудит саласындағы өзекті мәселелер бойынша тәжірибе алмасу екі тарапқа да нақты пайда әкелетініне сенім білдірді.
Өз кезегінде Ресей Федерациясы Есеп палатасының төрағасы Борис Ковальчук ведомствоның қызметі туралы, жүргізіліп жатқан цифрлық трансформация жөнінде баяндады. Қазіргі уақытта бірыңғай цифрлық платформаны құруды қоса алғанда жеті жаңа цифрлық жоба іске асырылуда. Алдағы екі жыл ішінде Есеп палатасының цифрлық инфрақұрылымын толық жаңарту жоспарланып отыр.
«Біздің елдер рухани жақын, ортақ тұстарымыз көп. Осындай кездесу өткеніне біз өте қуаныштымыз», — деп қорытындылады Борис Ковальчук.








Президент Жоғары аудиторлық палата төрағасы Әлихан Смайыловты қабылдады
- Толығырақ
Қасым-Жомарт Тоқаевқа биылғы I жартыжылдықта 20 триллион теңгені қамтитын 12 мемлекеттік аудит жүргізілгені туралы баяндалды. Бұл 2024 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 7,1 есеге артық.
Әлихан Смайыловтың айтуынша, аудиторлық тексерістер орта білім беру, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, цифрлық даму, электр энергетикасы және жоғары жетістіктер спортын қаржыландыру секілді негізгі салаларды қамтыған.
Үкіметке және аудит жүргізілген нысандарға 60-тан астам ұсыным мен 450 тармақтан тұратын ұйғарым берілді. 20 факті бойынша іс материалдары құқық қорғау органдарына жолданды.
Президентке Жоғары аудиторлық палатаның ұсынысымен әзірленген заңнамалық бастамалар жөнінде егжей-тегжейлі мәлімет берілді. Мәселен, енді Жоғары аудиторлық палата бюджеттен тыс қорларды тексеру құзыретіне ие болды.
Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мақсатында Ұлттық қор қаржысын мониторингтеу жөніндегі комиссия жұмысы қайта ұйымдастырылды. Бұл Қор қаражатының жұмсалуына бақылауды күшейтіп, жариялылықты арттыруға мүмкіндік береді.
Бұдан бөлек, жылыту маусымына дайындыққа салғырт қарағаны үшін жылумен қамтамасыз ететін кәсіпорындар мен олардың бірінші басшыларының жауапкершілігін күшейту, сондай-ақ нарықтың барлық субъектілеріне арналған тауарлы газдың бөлшек бағасына мемлекеттік бақылауды кеңейту секілді маңызды бастамалар бар.
Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік аудит жүйесін кезең-кезеңімен дамытуды тапсырды. Бұл ретте оның тиімділігі мен ашықтығына баса мән берген жөн. Президент мемлекет қаражатының жұмсалуын бақылауға заманауи цифрлық технологияларды енгізу маңызды екенін атап өтті. Сонымен қатар басы артық шығындарды азайту, ұлттық ресурстардан түсетін пайданы барынша еселеу қажет екеніне назар аударды.

Қазақстанда болашақ және жұмыс істеп жүрген аудиторлар үшін жаңа оқулық жарық көрді
- Толығырақ
Студенттерге, оқытушылар мен практик мамандарға арналған «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік аудит» атты жаңа оқулық жарық көрді. Оқулықтың таныстырылымы Жоғары аудиторлық палатада өтті.
Оқулықты ғылыми орта, академиялық қоғамдастық өкілдері және жұмыс істеп жүрген аудиторлардан тұратын авторлар ұжымының қатысуымен Жоғары аудиторлық палата шығарды. Авторлар арасында экономика ғылымдарының докторы, профессор Айбота Рахметова; экономика ғылымдарының кандидаты, профессор Анар Есенгелдина; экономика ғылымдарының кандидаты Зәмзәгүл Жаныбаева; ҚР аудиторлар одағының мүшесі Раушан Малгаждарова және басқалары бар.
Оқулықтың таныстырылымына сонымен қатар Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің экономика факультетінің деканы Аида Жағыпарова, мемлекеттік аудит кафедрасының меңгерушісі Ляззат Сембиева, кафедра оқытушылары мен студенттері, академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің проректоры Мәдина Өмірқұлова және оқытушылары, Жоғары аудиторлық палата мен Зерттеулер, талдау және тиімділікті бағалау орталығының қызметкерлері қатысты.
Үздік халықаралық стандарттар ескеріле отырып дайындалған басылымда мемлекеттік аудит жүйесінің теориялық негіздері мен практикалық әдістері, заманауи әлемдік трендтер және электрондық аудит, ESG-аудит, орнықты даму мақсаттарына жүргізілетін аудит және IT-аудит сияқты аудитті дамытудың өзекті бағыттары ұсынылған.
Кездесу барысында ҚР Жоғары аудиторлық палатасының төрағасы Әлихан Смайылов бүгінде аудит мемлекеттік басқару жүйесінде маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Осыған байланысты жаңа білікті мамандарды даярлауға ерекше көңіл бөлінеді.
Оның айтуынша, жаңа оқулық студенттер мен жұмыс істеп жүрген аудиторларға іс жүзінде сұранысқа ие білімді игеруге, сондай-ақ нақты аудиторлық жұмысқа оңай бейімделуге мүмкіндік береді.
«Біз жастарға, яғни болашақ аудиторларға үлкен үміт артамыз. Олар қазір білім алып, кәсіби өмірін бастауға дайындалуда. Сіздердің идеяларыңыз бен жаңа көзқарастарыңыз еліміздегі мемлекеттік аудит жүйесін одан әрі дамытуға және жетілдіруге ықпал ететініне сенімдімін», — деді Әлихан Смайылов.
Кездесу барысында қатысушылар мемлекеттік аудитті дамытудың өзекті бағыттары бойынша пікір алмасты, сондай-ақ өздерін қызықтыратын сұрақтарға жауап алды.
Дереккөз – Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы


«Мемлекеттік аудит шеңберінде ұлттық ресурстарды пайдаланудың тиімділігі мен нәтижелілігін бағалау мәселелері» тақырыбындағы Халықаралық дөңгелек үстел
- Толығырақ
Бағдарламалық-нысаналы жоба шеңберінде (ЖТН BR21882352 «Мемлекеттік аудитті дамытудың жаңа парадигмасы мен тұжырымдамасын әзірлеу, ұлттық ресурстарды басқару және басқару сапасын бағалау жүйесін жақсарту бойынша ұсынымдарды әзірлеу») 2023 жылғы 21 желтоқсанда «Мемлекеттік аудит шеңберінде ұлттық ресурстарды пайдаланудың тиімділігі мен нәтижелілігін бағалау мәселелері» тақырыбында халықаралық дөңгелек үстел өтті, дөңгелек үстел ұйымдастырушылары Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Экономика және бизнес Жоғары мектебінің «Қаржы және есеп» факультеті кафедрасы және «Зерттеулер, талдау және тиімділікті бағалау орталығы» ЖШС.

Халықаралық дөңгелек үстелге қатысушыларға э.ғ. к. Әл-Фараби атындағы Экономика және бизнес Жоғары мектебінің деканы, қауымдастырылған профессор Бимендиева Лейла Абдрашовна және «Зерттеулер, талдау және тиімділікті бағалау орталығы» ЖШС директоры Нұрлан Мұхтарбекұлы Ыбырайым құттықтау сөз сөйлеп, талқылауға ұсынылған тақырыптың маңыздылығын атап өтті.

Отырыс барысында зерттеушілер технологиялық трансформация жағдайында мемлекеттік аудитті дамытудың жаңа парадигмасы мен тұжырымдамасын дамыту перспективаларын талқылады, мемлекеттік аудиттің тиімділігіне кедергі келтіретін ықтимал мәселелерді көтеріп, сапаны бағалау мен басқару жүйесін жақсарту және ұлттық ресурстарды тиімді пайдалану жолдарын атап өтті.
Э.ғ.д., Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ профессоры Ляззат Мыктыбековна Сембиева «Жаңа парадигманы дамыту перспективалары және мемлекеттік аудитті дамыту тұжырымдамасы» тақырыбындағы баяндамасымен Халықаралық дөңгелек үстел іс-шарасын ашты.

Халықаралық дөңгелек үстелге Еуропа мен ТМД елдерінің сарапшылары қатысып, Түркия, Польша және Өзбекстандағы ұлттық ресурстарды мемлекеттік басқарудың жай-күйі мен болашағы туралы өз пікірлерімен бөлісті.

Тыңдаған баяндамалардың нәтижелері бойынша халықаралық дөңгелек үстелге қатысушылар қорытындылар жасап, идеялармен алмасты және одан әрі зерттеудің негізгі бағыттарын талқылады. Сарапшылардың айтуынша, Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформалар бүкіл посткеңестікте бұрын-соңды болмаған, бірегей реформа болып табылады.
Бас бет