Қаз   Рус  Eng

Қазақстандық делегация АЗОСАИ-дың дағдарысқа қарсы басқару аудиті жөніндегі семинарына қатысты

Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының мүшесі Рүстем Нұрпейісов бастаған ЖТН BR21882352 «Мемлекеттік аудитті дамытудың жаңа парадигмасы мен тұжырымдамасын, ұлттық ресурстарды басқару және тиімді пайдалану сапасын бағалау жүйесін жақсарту бойынша ұсынымдарды әзірлеу» бағдарламасының ғылыми қызметкерлері Ляйлим Кашимова, Асия Ускенбаева, Замзагуль Жаныбаева Корея Республикасының Аудит және инспекция жөніндегі кеңесі ұйымдастырған АЗОСАИ-дың Дағдарысқа қарсы басқару аудиті жөніндегі жұмыс тобының (ДБАЖТ) 3-семинарына қатысты.

Іс-шараға АЗОСАИ-ға мүше елдердің жоғары аудит органдарының өкілдері қатысты. Мемлекеттік аудит саласында тәжірибе алмасуға және үздік тәжірибелерді тарату, әсіресе жаһандық сын-қатерлер жағдайында дағдарысқа қарсы басқару аудиті әдіснамасын жетілдіру мәселелері талқыланды.

Семинар аясында Индонезия, Иран, Корея, Қытай, Малайзия, Моңғолия, Сауд Арабиясы, Таиланд және басқа елдер өздерінің практикалық кейстерін ұсынған тақырыптық сессиялар өтті. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы мен Корея Республикасының Аудит және инспекция жөніндегі кеңесі арасында екіжақты кездесу болды.

Өз сөзінде Р. Нұрпейісов Корея Республикасымен тәжірибе алмасудың Қазақстандағы мемлекеттік аудит жүйесін реформалау жағдайында ерекше мәнге ие екенін атап өтті. Кореяның Аудит және инспекция жөніндегі кеңесінің тәжірибесі мен тәсілдері мемлекеттік басқару сапасын бағалау және ұлттық ресурстарды тиімді пайдалану тетіктерін жетілдіру үшін құнды бағдар болып табылады.

Кездесу соңында қазақстандық делегация қонақжай тарапқа нәтижелі ынтымақтастығы үшін алғыс білдіріп, Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасының жоғары аудит органдары арасындағы достық және әріптестік қатынастарды одан әрі нығайтуға дайын екенін растады.

29.08-1

 

29.08-2