Қаз   Рус  Eng

Орталықтың Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі 2021-2022 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары бекітілді

Зерттеулер, талдау және тиімділікті бағалау орталығында Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі 2021-2022 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары бекітілді, ол сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша әзірленген ұсынымдарды орындау шеңберінде әзірленді.

Жоспарда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, Орталықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартын сақтау, қаржылық бақылау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтау, сондай-ақ мүдделер қақтығысын болдырмау жөніндегі іс-шаралар бар.

Толығырақ ақпарат сілтеме бойынша: https://cifn.kz/kz/anticorruption/analysis

Мемлекеттік аудит органдары жұмыскерлерін қайта даярлау курстарының екінші легі басталды

2021 жылғы 1 қарашадан бастап Зерттеулер, талдау және тиімділікті бағалау орталығы сертификаттаудың бес пәні бойынша мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының жұмыскерлерін қайта даярлау курстарын өткізуде:

– ҚСХҚЕС сәйкес мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау;
– ХҚЕС-ке сәйкес квазимемлекеттік секторда бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау;
– қаржылық есептілік аудиті;
– сәйкестік аудиті;
– тиімділік аудиті.

Қайта даярлау курстарынан өткеннен кейін, 2021 жылғы 2 желтоқсанда тыңдаушылар «Мемлекеттік қызметтің персоналын басқару ұлттық орталығы» АҚ базасында мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдардың білімін растау бойынша біліктілік емтиханынан өтеді.

Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының жұмыскерлерін қайта даярлаудың 2021 жылға арналған кестесі (екінші лек).

Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдардың білімін растау бойынша емтихандар өткізудің 2021 жылға арналған кестесі (екінші лек). 

Толығырақ ақпарат сілтеме бойынша: https://cifn.kz/kz/training/retraining/disciplines 

Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына өзгерістер және толықтырулар енгізілді

Ағымдағы жылдың 27 қазанында Зерттеулер, талдау және тиімділікті бағалау орталығының 2021 жылға арналған тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алу жоспарына өзгерістер енгізілді, олармен Сіз мемлекеттік сатып алу порталында сілтеме бойынша таныса аласыз: https://v3bl.goszakup.gov.kz/ru/plans/act_points/2365434/

Бос лауазымдарға орналасуға конкурстық іріктеу және кадр резервін қалыптастыру қорытындылары

2021 жылғы 27 қазанда бос лауазымдарға орналасуға кандидаттарды іріктеу және кадр резервін қалыптастыру жөніндегі Зерттеулер, талдау және тиімділікті бағалау орталығының Конкурстық комиссиясының қорытынды отырысы өткізілді.

Толығырақ ақпарат сілтеме бойынша: https://cifn.kz/kz/about/vacancies/results 

«Мемлекеттік аудит – Государственный аудит» журналының 2021 жылғы шілде-қыркүйек айларындағы үшінші нөмірі, №3 (52) шығарылды

Журналдың бірінші беттерінде Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрайымы Н.Н. Годунованың «Жаңа тарихи шындық жағдайындағы мемлекеттік аудит жүйесі» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясында сөйлеген сөзінің тезистері жарияланды, онда әлеуметтік аудиттің рөлін арттыру қажеттігіне ерекше назар аударылды.

Ағымдағы шығарылымда мақала авторлары Қазақстан Республикасындағы денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін бағалау, мемлекеттік мекемелерде сәйкестік аудитін ұйымдастыру, Беларусь Республикасындағы тиімділіктің мемлекеттік аудиті және басқа да өзекті тақырыптарды қозғады.

Журналдың электронды нұсқасы мына сілтеме бойынша орналастырылған: https://gov-audit.kz/arkhiv-zhurnala/29-2021

Үміткерлерді конкурстың 2 кезеңіне жіберу туралы ақпарат

«Зерттеулер, талдау және тиімділікті бағалау орталығы» ЖШС Конкурстық комиссиясы а.ж. 26 қазан күні үміткерлер ұсынған құжаттарды талдау негізінде келесі үміткерлерді:

1. Әкімшілік бөлімінің сарапшы (офис-менеджер) лауазымы бойынша кадр резервін қалыптастыруға:

1) Арнұр Төлегенұлы Әміровты;

2) Альмира Қайратқызы Агибаеваны;

3) Торғын Өміржанқызы Ахметованы.

2. Қайта даярлау және біліктілікті арттыру бөлімінің сарапшысы бос лауазымына орналасуға:

1) Арнұр Төлегенұлы Әміровты.

конкурстың екінші кезеңі – әңгімелесуге жіберу туралы шешім қабылдады.

Әңгімелесудің мақсаты үміткердің кәсіби және жеке қасиеттерін бағалау болып табылады.

Орталықтың 2021 жылғы тоғыз айдағы жұмыс нәтижелері

Зерттеулер, талдау және тиімділікті бағалау орталығының 2021 жылғы тоғыз айдағы жұмысының қорытындысы шығарылды.

Осылайша, мемлекеттік тапсырмалар шеңберінде тиімділік аудиті (АӨК дамыту, ШОБ қолдау, мұнайға қатысты емес сектордың экономиканың дамуына әсері, жастар саясаты, экспорттық стратегия, цифрлық экономикаға көшу) алты тақырып бойынша бірінші және екінші кезеңдер аяқталды.

Сонымен қатар, Орталықтың қатысуымен Өтініштермен жұмыс бойынша өңірлер әкімдерінің рейтингін анықтау әдістемесі, Бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша өңірлер мен қалалар рейтингісін жүргізу әдістемесі және бағаланатын мемлекеттік органдар нәтижелілігінің негізгі көрсеткіштерінің тізбесі бекітілді.

2020 жылға мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігіне операциялық бағалау жүргізілді, азаматтардың өтініштерімен жұмыс бойынша өңірлер әкімдерінің тоқсандық және жартыжылдық рейтингтері қалыптастырылды, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар қызметінің нәтижелілігі бойынша халыққа, сондай-ақ бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша өңірлер рейтингінің шеңберінде кәсіпкерлерге әлеуметтік сауалнама ұйымдастырылды.

Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүйесі органдарының кадрларын қайта даярлау шеңберінде "Мемлекеттік қызмет персоналын басқару ұлттық орталығы" АҚ базасында Есеп комитеті мен тексеру комиссияларының қызметкерлері үшін сертификаттаудың бес пәні бойынша оқыту, сондай-ақ мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау пәндері бойынша білімді растау бойынша емтихандар өткізілді.

Толығырақ ақпарат: https://cifn.kz/kz/about/reports/wrkreports

Бос лауазымға орналасуға конкурстық іріктеу қорытындысы

2021 жылғы 19 қазанда Зерттеулер, талдау және тиімділікті бағалау орталығының Конкурстық комиссиясының қорытынды отырысында Талдау және нәтижелілікті бағалау бөлімінің Талдау секторының аға сарапшысы лауазымына үміткерді іріктеу бойынша шешім қабылданды.

Толығырақ ақпарат алу үшін сілтеме бойынша өтіңіз: https://cifn.kz/kz/about/vacancies/results

Бос орындар және кадр резервіне конкурс жарияланды

2021 жылғы 15 қазанда Зерттеулер, талдау және тиімділікті бағалау орталығында конкурстар жарияланды:
1) Қолданбалы ғылыми зерттеулер бөлімінің бас сарапшысы, Қайта даярлау және біліктілікті арттыру бөлімінің бас сарапшысы, Қайта даярлау және біліктілікті арттыру бөлімінің сарапшысы бос лауазымдарына орналасуға;
2) Әкімшілік бөлімінің сарапшысы (офис-менеджері) лауазымы бойынша кадр резервін қалыптастыруға.

Барлық мүдделі тұлғаларды конкурсқа қатысуға шақырамыз.
Толығырақ ақпарат алу үшін сілтеме бойынша өтіңіз: https://cifn.kz/kz/about/vacancies

ҮМІТКЕРДІ КОНКУРСТЫҢ 2 КЕЗЕҢІНЕ ЖІБЕРУ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

«Зерттеулер, талдау және тиімділікті бағалау орталығы» ЖШС Конкурстық комиссиясы кандидат ұсынған құжаттарды талдау негізінде, Талдау және нәтижелілікті бағалау бөлімінің Талдау секторының аға сарапшысы лауазымына Данияр Асқарұлы Секишевті конкурстың екінші кезеңі – әңгімелесуге жіберу туралы шешім қабылдады.

Әңгімелесудің мақсаты үміткердің кәсіби және жеке қасиеттерін бағалау болып табылады.