Қаз   Рус  Eng

Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдардың білімін растау жөніндегі 2019 жылға арналған емтихандар өткізу кестесі

Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдардың білімін растау жөніндегі 2019 жылға арналған емтихандар өткізу кестесі

Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының кадрларын қайта даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі 2019 жылға арналған кесте

Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының кадрларын қайта даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі 2019 жылға арналған кесте

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің «Қаржылық бұзушылықтарды зерттеу жөніндегі орталық» РМК келесі бос лауазымға орналасуға конкурс жариялайды:

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің «Қаржылық бұзушылықтарды зерттеу жөніндегі орталық» РМК келесі бос лауазымға орналасуға конкурс жариялайды:

Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрмұхамбет Қанапияұлы Әбдібеков Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы болып тағайындалды.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрмұхамбет Қанапияұлы Әбдібеков Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы болып тағайындалды.

Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі.

Жобаларды басқару тәжірибесі

2014 жылғы 12 қазанда қабылданған және 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілген Жобаларды басқару жөніндегі нұсқаулық - ҚР СТ ИСО 21500-2014 жобаларды басқару жөніндегі ұлттық стандарты аясында Орталық осы бағытта маңызды семинарлар өткізіп тұрады.

Сөйтіп, 2016ж. 28-30 қараша аралығында Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының қызметкерлері үшін «Жобаларды басқару тәжірибесі» атты семинар өтті. Семинарға қатысушылар басшының күнделікті жұмысы үшін аса қажет болып табылатын тиімді басқару бойынша қосымша білім меңгерді. Басшылық ету және адамзат пен материалдық ресурстарды үйлестіру өнерін Жобаларды басқару институтының профессоры, э.ғ.д., тәжірибелі тренер Жанболат Қазиұлы Даухарин үйретті.

21.11.16

Орталықтың базасында 21-23 қараша аралығында Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс және тұрғын-үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің қызметкерлері үшін PMI стандартының негізінде жобаларды басқару тәжірибесі тақырыбында семинар өтті. Аталмыш семинардың тренері жобалар мен бағдарламаларды басқарудан, жобалық менеджмент, мониторинг және бағалау, ұйымдастырушылық даму және стратегиялық жоспарлау бойынша тренингтер мен консультациялар өткізуден 15 жылдық тәжірибесі бар кәсіби жобалық менеджер (РМР) У.Хайдар болды.
Семинарға қатысушылар осы бағытта біліктілікті арттыруға және меңгерілген білім мен дағдыларды тәжірибеде пайдалануға қызығушылық танытты.

ШЫҰ-ға мүше, байқаушы және диалогы бойынша әріптес мемлекеттердің жоғары мемлекеттік аудит (бақылау) органдарының мемлекеттік аудиторларды сертификаттауды енгізу тәжірибесі

2016 жылғы 20-21 қазан аралығында Астанада Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің ұйымдастыруымен «ШЫҰ-ға мүше, байқаушы және диалогы бойынша әріптес мемлекеттердің жоғары мемлекеттік аудит (бақылау) органдарының мемлекеттік аудиторларды сертификаттауды енгізу тәжірибесі» тақырыбындағы семинар өтті.
Аталған іс-шараға қатысу үшін Қазақстан астанасына Қытай, Қырғызстан, Пәкістан, Ресей, Түркияның жоғары мемлекеттік аудит органдарының (ЖМАО) өкілдері келді. Семинардың ашылуында Есеп комитетінің Төрағасы Қозыкөрпеш Жаңбыршин құттықтау сөз сөйледі. Қазақстанның жоғары мемлекеттік аудит органының басшысы түрлі елдердің мамандарына мемлекеттік аудит саласындағы ең маңызды мәселелер бойынша тәжірибе мен пікірлер алмасуға мүмкіндік беретін осындай кездесулердің маңызын атап өтті. Есеп комитеті Төрағасының айтуынша, әлемнің қарқынды өзгеріп отырған жағдайында мамандардың кәсіби деңгейін арттыру, аудит жүргізу әдістерін жетілдіру қазіргі аудиторлық қауымдастық үшін аса өзекті болып табылады.

Есеп комитетінің «Қаржылық бұзушылықтарды зерттеу жөніндегі орталық» РМК-ның өкілдері семинарға белсенді қатысты.

Нидерланд Патшалығының Жоғарғы қаржылық бақылау органы лекторларының қатысуымен өткізілген тәжірибелік семинар.

«Қаржылық бұзушылықтарды зерттеу жөніндегі орталық» Республикалық мемлекеттік кәсіпорыны халықаралық ынтымақтастық негізінде әрдайым жұмыстар жүргізіп отырады. Сонымен, Нидерланд Патшалығы Есеп сотының екі мемлекеттік аудиторларының қатысуымен 2015 жылғы қыркүйек айының 15-19 күндері аралығында «Аудит сапасын бақылау» және «Тәуекелдерді басқару жүйесін қолдана отырып, тексеру іс-шараларын ұйымдастыру» тақырыптарында 2 семинар өткізілді.

Семинарлардың мақсаты келесідей: Жоғарғы қаржылық бақылау органдарының халықаралық ұйымымен (INTOSAI) бекітілген, Халықаралық аудит стандарттарына сәйкес аудит сапасын бақылау және тәуекелдерді басқару жүйесін қолдана отырып, тексеру іс-шараларын ұйымдастыру кезіндегі методологиямен таңыстыру, Нидерланд Патшалығы Есеп сотының жоғарыда аталған аудитпен жұмыс жасау кезіңде қолданатын маңызды тәсілдерін талқылау және аталған тақырыптағы семинарлар бойынша тыңдармандардың дағдысын қалыптастыру.

Семинарлардың теориялық бөлігі әрдайым тәжірибелік жаттығулармен ұласып отырды. Нидерланд Патшалыңының Есеп соты 1814 жылы құрылды және ол жоғарғы қаржы бақылау органы болып саналады. Президентпен басқарылатын, Есеп соты кеңесі үш мүшеден тұрады. Олар Нидерланд палатасы өкілдерінің ұсынысы бойынша Патша Өкімімен мәңгілікке сайланады.

Тілдер мерекесі

Қазақстанда әр жыл сайын 22-қыркүйек күні тілдер мерекесі аталып өтіледі. Бұл Қазақстан ұлттары үшін ортақ мереке. Көпұлтты тілдер мерекесінің негізінде мынадай негізгі ойлар жатыр: әр тіл – барлық адамзаттың рухани мұрасының бірден бір бөлігі, ал әрбір мәдениет – әлем өркениетіне деген бағасыз қосылғын үлес. Аталған мерекеге орай «Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы» қызметкерлері үшін «Қаржылық бұзушылықтарды зерттеу жөніндегі орталық» РМК ұйымдастыруымен «Мемлекеттік тілде іс қағаз жүргізу» тақырыбында семинар өткізілді.