Зерттеулер, талдау және тиімділікті бағалау орталығының ұйымдастыруымен мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары қызметкерлерінің біліктілігін арттыру семинары Бельгия Корольдігінде, Люксембург Ұлы Герцогтігінде және Франция Республикасында өткіз
- Толығырақ
2025 жылғы 30 қараша мен 6 желтоқсан аралығында мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының қызметкерлері Бельгия Корольдігінде өткен «Мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік сектордың қызмет тиімділігін және мемлекеттік активтерді басқаруды бағалаудағы мемлекеттік аудиттің халықаралық тәжірибесі» тақырыбындағы оқыту семинарына қатысты. Аталған семинар Зерттеулер, талдау және тиімділікті бағалау орталығы мен Бельгия білім беру кеңесінің (Belgian Education Council) бірлесіп ұйымдастыруымен өткізілді.
Қазақстандық тыңдаушылар тобы мемлекеттік аудит саласындағы еуропалық тәжірибені зерделеуге бағытталған біліктілікті арттыру бағдарламасынан өтті. Бағдарлама аясында жергілікті бюджеттерді жоспарлау және орындау тиімділігіне аудит жүргізу мәселелері, сондай-ақ Еуропалық Одақтың бюджет қаражатын пайдалануын бақылау мен бағалаудың заманауи құралдары қарастырылды.
Бағдарлама Еуропалық Одақтың, Бельгияның және Францияның негізгі институттарына оқу сапарларын қамтыды. Атап айтқанда, Еуропалық комиссияға, Еуропалық парламентке, Бельгияның Есеп палатасына, Люксембургтегі Еуропалық есеп палатасына және Францияның Есеп палатасына бару ұйымдастырылды. Мемлекеттік аудит органдарының парламенттік құрылымдармен өзара іс-қимыл тетіктеріне, ашықтықты қамтамасыз ету мәселелеріне, еуропалық қаражатқа қатысты алаяқтықтың алдын алуға және ұлттық аудит органдарымен үйлестіруге ерекше назар аударылды.
Бағдарлама барысында қатысушылар аудиттің мамандандырылған бағыттары бойынша тәжірибемен танысты, оның ішінде экология және климат, денсаулық сақтау және әлеуметтік саясат, цифрландыру және киберқауіпсіздік, білім беру және ғылым салалары қамтылды. Жеке блок Еуропалық Одақта аудиторларды даярлау және біліктілігін арттыру жүйесіне, соның ішінде сертификаттау мен үздіксіз кәсіби даму бағдарламаларына, сондай-ақ тәуекелдерді басқару және деректермен жұмыс істеу саласындағы аудиторлардың заманауи құзыреттер кірді.
Алынған тәжірибе мен орнатылған кәсіби байланыстар халықаралық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға негіз болып, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүйесін жетілдіру бойынша ұсынымдарды әзірлеуде, сондай-ақ Қазақстан Республикасында озық еуропалық тәжірибелерді енгізуде пайдаланылатын болады.


Бас бет