Қаз   Рус  Eng

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру (2023-2025жж.)

ҚазҰУ(https://farabi.university/?lang=kz) Экономика және бизнес жоғары мектебінің «Қаржы және есеп» кафедрасының бір топ ғылыми қызметкерлері «Зерттеулер, талдау және тиімділікті бағалау орталығы» «Қазақстан Республикасы Жоғарғы аудиторлық палатасы жанындағы Жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Қазақстан Республикасы ғылым және білім министрлігінің бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберіндегі (2023-2025 жж.) IRN BR21882352 «Мемлекеттік аудитті дамытудың жаңа парадигмасы мен тұжырымдамасын әзірлеу, менеджмент сапасын бағалау жүйесін жетілдіру және ұлттық ресурстарды тиімді пайдалану бойынша ұсыныстарды әзірлеу» жобасын жүзеге асыруға қатысады.

Жасалған келісім аясында өзара әрекеттесу мақсатында жоспарға сәйкес бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру жобасының мүшелері ЖШС «Зерттеулер, талдау және тиімділікті бағалау орталығы» зерттеу және болжау бөлімімен бірге жұмыс істей бастады, атап айтқанда тәжірибелі маман Назира Еришевна «Қаржы» мамандығының 3 курс студенттеріне «Қаржылық-математикалық модельдер» тақырыбында көшбасшылық дәріс оқыды.

Қазіргі уақытта «Зерттеулер, талдау және тиімділікті бағалау орталығы» «Қазақстан Республикасы Жоғарғы аудиторлық палатасы жанындағы Жауапкершілігі шектеулі серіктестінің ғылыми-зерттеу тобы мемлекеттік аудиттің тұрақты дамуын жүзеге асыру мақсатында бірқатар мақалалар әзірлеуде, онда мемлекеттік аудитті жетілдіру, тұрақты даму (ТДМ 7, 8, 13, 17) мақсаттарына қол жеткізу үшін менеджмент сапасын бағалау жүйесін жетілдіру және ұлттық ресурстарды тиімді пайдалану бойынша ұсыныстар қарастырылады.

Бұл ынтымақтастық жалғасуда және зерттелетін тақырып бойынша ұсынылатын осы ұсыныстар Қазақстанда тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу үшін қаншалықты маңызды екенін көрсетеді.

1

 

121223