Қаз   Рус  Eng

Назар аударыңыз!!!

Мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор қаржы-экономикалық блогы қызметкерлерінің біліктілігін арттыру семинарларын өткізу үшін Орталық сарапшыларды/лекторларды қабылдайтындығын жариялайды.

Біліктілік талаптары:
келесі критерийлердің біріне немесе бірнешеуіне сәйкес болуы тиіс:

- мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының практикалық жұмыс тәжірибесінің болуы;

- тиісті салада жұмыс тәжірибесі және/немесе қажетті біліктілік немесе дәрежелерді растайтын сертификаты бар («Қазақстан Республикасының аудиторы», «Кәсіби бухгалтер», «CIA», «CIPFA», «DIPIFR», «Мемлекеттік аудитор», «Жоғары санатты мемлекеттік аудитор» және т.б.);

- ғылым докторы, ғылым кандидаты, философия докторы және профиль докторы ғылыми дәрежелері бар

Іріктеуге қатысу үшін келесі құжаттарды байланыс деректерінде көрсетілген электрондық поштаға жолдау қажет:

- өтініш;

- жарияланған оқу-әдістемелік кешендер, ғылыми мақалалар мен ғылыми еңбектер (болған жағдайда);

- семинар

Қызығушылық танытқаныңыз үшін алғыс білдіреміз.

Сізді командамыздың бір бөлігі болуға және мемлекеттік органдардың қаржы-экономикалық блогы қызметкерлерінің кәсіби деңгейін көтеруге үлес қосуға шақырамыз.

ӨТІНІМДЕР 2023 ЖЫЛДЫҢ 7 СӘУІРІНЕ ДЕЙІН ҚАБЫЛДАНАДЫ

Толығырақ ақпаратты төмендегі байланыс нөмірлеріне хабарласу арқылы біле аласыздар: ☎ +7 7172 74-22-23

Өтініш үлгісі

73e3b8cc-405d-469f-9458-cc4674ea2f4c.jpg