ШЫҰ-ға мүше, байқаушы және диалогы бойынша әріптес мемлекеттердің жоғары мемлекеттік аудит (бақылау) органдарының мемлекеттік аудиторларды сертификаттауды енгізу тәжірибесі
- Толығырақ
2016 жылғы 20-21 қазан аралығында Астанада Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің ұйымдастыруымен «ШЫҰ-ға мүше, байқаушы және диалогы бойынша әріптес мемлекеттердің жоғары мемлекеттік аудит (бақылау) органдарының мемлекеттік аудиторларды сертификаттауды енгізу тәжірибесі» тақырыбындағы семинар өтті.
Аталған іс-шараға қатысу үшін Қазақстан астанасына Қытай, Қырғызстан, Пәкістан, Ресей, Түркияның жоғары мемлекеттік аудит органдарының (ЖМАО) өкілдері келді. Семинардың ашылуында Есеп комитетінің Төрағасы Қозыкөрпеш Жаңбыршин құттықтау сөз сөйледі. Қазақстанның жоғары мемлекеттік аудит органының басшысы түрлі елдердің мамандарына мемлекеттік аудит саласындағы ең маңызды мәселелер бойынша тәжірибе мен пікірлер алмасуға мүмкіндік беретін осындай кездесулердің маңызын атап өтті. Есеп комитеті Төрағасының айтуынша, әлемнің қарқынды өзгеріп отырған жағдайында мамандардың кәсіби деңгейін арттыру, аудит жүргізу әдістерін жетілдіру қазіргі аудиторлық қауымдастық үшін аса өзекті болып табылады.
Есеп комитетінің «Қаржылық бұзушылықтарды зерттеу жөніндегі орталық» РМК-ның өкілдері семинарға белсенді қатысты.