Нидерланд Патшалығының Жоғарғы қаржылық бақылау органы лекторларының қатысуымен өткізілген тәжірибелік семинар.
- Толығырақ
«Қаржылық бұзушылықтарды зерттеу жөніндегі орталық» Республикалық мемлекеттік кәсіпорыны халықаралық ынтымақтастық негізінде әрдайым жұмыстар жүргізіп отырады. Сонымен, Нидерланд Патшалығы Есеп сотының екі мемлекеттік аудиторларының қатысуымен 2015 жылғы қыркүйек айының 15-19 күндері аралығында «Аудит сапасын бақылау» және «Тәуекелдерді басқару жүйесін қолдана отырып, тексеру іс-шараларын ұйымдастыру» тақырыптарында 2 семинар өткізілді.
Семинарлардың мақсаты келесідей: Жоғарғы қаржылық бақылау органдарының халықаралық ұйымымен (INTOSAI) бекітілген, Халықаралық аудит стандарттарына сәйкес аудит сапасын бақылау және тәуекелдерді басқару жүйесін қолдана отырып, тексеру іс-шараларын ұйымдастыру кезіндегі методологиямен таңыстыру, Нидерланд Патшалығы Есеп сотының жоғарыда аталған аудитпен жұмыс жасау кезіңде қолданатын маңызды тәсілдерін талқылау және аталған тақырыптағы семинарлар бойынша тыңдармандардың дағдысын қалыптастыру.
Семинарлардың теориялық бөлігі әрдайым тәжірибелік жаттығулармен ұласып отырды. Нидерланд Патшалыңының Есеп соты 1814 жылы құрылды және ол жоғарғы қаржы бақылау органы болып саналады. Президентпен басқарылатын, Есеп соты кеңесі үш мүшеден тұрады. Олар Нидерланд палатасы өкілдерінің ұсынысы бойынша Патша Өкімімен мәңгілікке сайланады.