Қаржы министрінің бұйрығының жобасына пресс-релиз
- Толығырақ
2021 жылғы 29 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігімен «Екінші деңгейдегі банктердің мемлекеттік кірістер органдарына тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету кезінде жүзеге асырылатын, деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарының талаптарын ескере отырып, төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді қабылдауға арналған жабдықтардан (құрылғылардан) ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді беру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары мен мерзімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығының жобасын бұйрығының жобасы әзірленді (бұдан әрі – Пилоттық жоба).
Пилоттық жоба екінші деңгейдегі банктердің ақпараттық жүйелері арқылы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу кезінде салық төлеушілер жүзеге асыратын ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді мемлекеттік кірістер органдарына тегін негізде беруді көздейді.
Осы бұйрық https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=13866561 ашық нормативтік құқықтық актілер интернет-порталында 24.12.2021 жылы орналастырылды.
Дерек көзі: https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin/press/news/details/308177?lang=kk