Қаз   Рус  Eng

25.02.2016

Ағымдағы жылғы 26 ақпанда Есеп комитетінде Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының үйлестіру кеңесінің бірінші отырысы өткізіледі

Үйлестіру кеңесінің жұмысына Президент Әкімшілігінің, Бас прокуратураның, қаржы және ұлттық экономика министрліктерінің,орталық және жергілікті атқарушы органдардан ішкі аудит қызметтерінің өкілдері, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының тексеру комиссияларының төрағалары қатысады.

Отырыс барысында мемлекеттік аудитті енгізу,сыртқы және ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары қызметкерлерінің біліктілігін арттыру, мемлекеттік аудиторларды сертификаттауды ұйымдастыру, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының бірыңғай ақпараттық дерекқорын құру мәселелерін талқылау жоспарлануда.

Бұған қоса, Үйлестіру кеңесінің 2016 жылға арналған жұмыс жоспары қаралатын болады.

Есеп комитетінің баспасөз қызметі