Қаз   Рус  Eng

09.10.2015

сеп комитетінің Ғылыми-әдіснамалық кеңесінің отырысы

Ағымдағы жылғы 9қазанда Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің Ғылыми-әдіснамалық кеңесінің кезекті отырысы өтті.

«Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы»Заң жобасын іске асыру үшін әзірленген 22 құжаттың жобалары қаралды.

Құжаттарсыртқы мемлекеттік аудитті және қаржылық бақылауды жүргізу, аудиторлық іс-шараның сапасын бақылау, Мемлекет басшысына және Парламентке есептілік ұсыну, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары қызметкерлерін қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру, Есеп комитетінің ақпараттық жүйесінің қаржы, ұлттық экономика министрліктерінің, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің, Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетiнің жүйелерімен өзара іс-қимылы мәселелерін реттеуге бағытталған.

Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектілерінде анықталатын бұзушылықтар сыныптауышының жобасына ерекше назар аударылды. Қаржылық бұзушылықтарға енді бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін негізсіз пайдалануға алыа келетін бұзушылықтар ғана жатқызылатынын атап өтілді. Өзге бұзушылықтар рәсімдік бұзушылықтарға жатқызылатын болады.

Бұдан басқа «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заң жобасында көзделген Есеп комитетінің қосымша өкілеттіктері ескеріле отырып өзектендірілген Есеп комитеті туралы Ереже мен Жұмыс регламентінің талқыланды.

Отырыстың қорытындысы бойынша, жалпы алғанда, құжаттардың қаралған бірқатар жобаларын мақұлдау және оларды келісу үшін мүдделі мемлекеттік органдарға жіберу, жекелеген құжаттарды – айтылған ескертулер мен ұсыныстарды ескере отырып пысықтау туралы шешім қабылданды.

Есеп комитетінің баспасөз қызметі