Қаз   Рус  Eng

25.09.2015

Қазақстан халқы тілдерінің күнін мерекелеуге арналған Есеп комитетінің салтанатты жиналысы болып өтті

Есеп комитетінің Төрағасы Қозыкөрпеш Жаңбыршин ұжымды Қазақстан халқы тілдерінің күнімен құттықтады.

Қ. Жаңбыршиннің айтуынша, Қазақстанда халықтың тіл байлығын сақтауға әрқашан ерекше қамқорлық пен түсіністік танытылып, қазіргі заманғы қоғамды дамытудағы оның рөліне назар аударылуда.

Жоғары қаржы бақылау органының басшысы Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев үйлесімді тіл саясатын іске асыру бойынша нақты тапсырмалар бергенін, ол елімізде тұрып жатқан барлық этностардың тілдерін сақтай және дамыта отырып, мемлекеттік тілдің толық көлемде қолданылуын қамтамасыз етуі тиіс екендігін атап өтті.

Қазақстан Республикасында халықтардың тіл байлығын сақтауға әрдайым қамқорлық танытылып, қазіргі заманғы қоғамды дамытудағы оның рөліне ерекше назар аударылуда.

«Бұл ретте Мемлекет басшысының үштүғырлы тіл идеясының ерекше маңызы бар, оны іске асыру қазақстандықтардың жаңа, бәсекеге қабілетті буынын қалыптастыруға ықпал ететін болады», - деп қорытындылады Қ. Жаңбыршин.

Есеп комитетінің ұжымын Қазақстан халқының тілдері күнімен шақырылған қонақтар – қоғам қайраткері, ақын Серік Тұрғынбеков, тележүргізуші Юлия Кушнарева, Мәдениет және спорт министрлігінің басқарма басшысы Гүлмира Құбашева және Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының оқытушысы Нәзигүл Төленбергенова да құттықтады.

Салтанатты іс-шара барысында мемлекеттік тілді меңгерудегі жетістіктері және оны жұмыста кеңінен қолданғандары үшін Есеп комитетінің бірқатар қызметкерлеріне Құрмет грамоталары және Есеп комитеті Төрағасының Алғыс хаттары тапсырылды.

Есеп комитетінің баспасөз қызметі