16.09.2015
- Толығырақ
Есеп комитетінде мемлекеттік қаржылық бақылау органдары қызметкерлерінің біліктілігін арттыру үшін Нидерланды Корольдігінен келген жоғары қаржы бақылау органы сарапшыларымен кездесу өтті
Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Нидерланды жоғары қаржы бақылау органдарының арасындағы байланысты нығайтуға мүдделі екендіктерін білдіріп, келешектегі әріптестік мәселелерін талқылады.
Қазіргі кезде Есеп комитетінің шет елдердің озық тәжірибелерін ескере отырып, халықаралық стандарттарға сәйкес мемлекеттік қаржылық бақылау жүйесін мемлекеттік аудитке көшіру бойынша ауқымды жұмыс жүргізіп жатқаны атап өтілді.
Осыған байланысты, голландық әріптестер тиімділік, сәйкестiк, қаржылық есептілік аудитін жоспарлау және жүргізу тәжiрибелерімен бөлісті, сондай-ақ аудиторлардың біліктілігін арттыру және сертификаттау мәселелеріне тоқталды.
Кездесу соңында тараптар өзара мүддені білдіретін мәселелер бойынша жемісті ынтымақтастыққа сенім білдірді.
Нидерланды Есеп соты Нидерландының жоғары аудит органы болып табылады. 1814 жылы құрылған. Есеп сотының Президенті басқаратын Есеп соты кеңесі Нидерланды Өкілдері палатасының ұсынысы бойынша Корольдың Жарлығымен өмір бойына тағайындалатын үш мүшеден тұрады.
Есеп комитетінің баспасөз қызметі