01.07.2015 Есеп комитетінде Сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау органдары үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өтті
- Толығырақ
Есеп комитетінде Сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау органдары үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өтті
Үйлестіру кеңесінің жұмысына Қаржы министрлігінің өкілдері, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының тексеру комиссияларының төрағалары қатысты.
Отырысқа қатысушылар мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының өзара іс-қимылының тиімділігін арттыру мәселесін талқылады.
Есеп комитетінің Төрағасы Қозыкөрпеш Жаңбыршиннің айтуы бойынша, Есеп комитеті Мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының өзара іс-қимылы қағидаларын өзекті ету бойынша ұсыныстар әзірлеген.
Атап айтқанда, Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау комитеті испекцияларының тексеру комиссияларымен өзара іс-қимылы процесін нақтылау, бақылау (аудит) нәтижелерін өзара тану тетігін регламенттеу, бірлесіп жүргізілген бақылау іс-шараларының қорытындысы бойынша материалдарды ресімдеудегі олқылықтарды жою ұсынылып отыр.
Қатысушылар жергілікті бюджеттің атқарылуына сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылауды жүзеге асыратын тексеру комиссияларының қызметіндегі өзекті проблемаларға айрықша назар аударды.
Есеп комитетінің Төрағасы стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың орындалуына бақылауды күшейту, жергілікті бюджет шығыстарының бақылаумен қамтылуын ұлғайту, бюджетке қаражаттың толық көлемде қайтарылуына қол жеткізу, тексеру комиссияларының қызметін автоматтандыру деңгейін арттыру талап етілетінін атап өтті.
Қ. Жаңбыршиннің айтуынша, қажетті ақпаратпен жедел алмасуға қаржы, ұлттық экономика министрліктерінің, сондай-ақ басқа да мүдделі мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграцияланған Есеп комитетінің құрып отырған ақпараттық жүйесі ықпал ететін болады.
Отырыс қорытындысы бойынша мемлекеттік қаржылық бақылау органдары қызметінің тиімділігін арттыруға, олардың конструктивтііс-қимылын ұйымдастыруға, сондай-ақ Үйлестіру кеңесінің қызметін одан әрі жетілдіруге бағытталған бірқатар нақты шешімдер қабылданды.
Сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының үйлестіру кеңесі Есеп комитетінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады. Кеңес қызметінің мақсаты анағұрлым өзекті проблемаларды алқалық талқылау арқылы жұмысты ұйымдастырудың бірыңғай принциптері мен әдіснамасы негізінде өзара тиімді іс-қимыл жасауға ықпал ету болып табылады. Кеңес құрамына Есеп комитетінің Төрағасы мен екі мүшесі, облыстардың, Алматы және Астана қалаларының тексеру комиссияларының төрағалары кіреді.
Есеп комитетінің баспасөз қызметі
Бас бет