Қаз   Рус  Eng

05.02.2016

Есеп комитетінің Ғылыми-әдіснамалық кеңесінің отырысы

Ағымдағы жылғы 5 ақпанда Есеп комитетінің Төрағасы Қозыкөрпеш Жаңбыршиннің төрағалығымен Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің Ғылыми-әдіснамалық кеңесінің кезекті отырысы өтті.

«Қаржылық бұзушылықтарды зерттеу жөніндегі орталық» РМК-нің ағымдағы жылы өткізуі үшін Есеп комитеті жоспарлаған зерттеулер бойынша мәселелер талқыланды.

2017-2019 жылдарға жоспарланған зерттеулерді өзекті ету бойынша ұсыныстар қаралды. Алынған нәтижелер «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңды іске асыру үшін нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу кезінде пайдаланылатыны атап өтілді.

Есеп комитетінің Төрағасы қазіргі уақытта мемлекеттік аудит жүйесін құқықтық реттеу және әдіснамалық қамтамасыз ету бойынша ауқымды жұмыстардың жүргізіліп жатырғанын атап кетті.

«Барлық зерттеулер қолданбалы сипатта және мемлекеттік аудитке көшу жағдайында Есеп комитетінің алдында қойылған міндеттерге толығымен жауап беруі тиіс», - деп қорытындылады сөзін Қ. Жаңбыршин.

Есеп комитетінің баспасөз қызметі