Байланыстар

Мекенжай: 010000, Астана қ.,
Орынбор көшесі 8,
«Министрліктер Үйі»

 Тел.: + 7 (7172) 74-17-33
Факс: + 7 (7172) 74-22-58

толығырақ оқу …

Баннер
Баннер
Баннер
Баннер
Қаржылық бұзушылықтарды зерттеу жөніндегі орталық

«Мемлекеттік қаржылық бақылау жүйесін
елеулі түрде нығайту қажет»

Қазақстан Республикасының Президенті
  Н.Ә. Назарбаев

«Қаржылық бұзушылықтарды зерттеу жөніндегі орталық» республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 1 қазандағы №868 қаулысымен қаржылық және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарына алып келетін жағдайларды терең зерделеу, бақылау және сараптама-талдамалық жұмыстардың жаңа әдістері мен технологияларын әзірлеп енгізу, сондай-ақ қаржы-бюджет қатынастары жүйесінде оқыту бағдарламаларын іске асыру мақсатында құрылды.

Мемлекеттік басқару органы Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті болып табылады.

Орталықтың миссиясы

Мемлекеттік қаржылық бақылау жүйесінің өзекті проблемаларын зерттеу арқылы қоғамның мүддесі үшін қаржы ресурстары мен мемлекет активтерін басқарудың тиімділігін арттыруға жәрдемдесу.

Қызмет түрлері:

  • мемлекеттік қаржылық бақылаудың өзекті мәселелерін зерттеу;
  • экономика және қаржы саласында зерттеулер жүргізу;
  • бюджет-салық жүйесіндегі өзгерістерді талдау және сараптау;
  • мемлекеттік қаржылық бақылау органдары қызметкерлерінің біліктілігін арттыру
 

Жаңалықтар

27.04.2012 / Қаржылық бұзушылықтарды зерттеу жөніндегі орталық 23 - 27 сәуір аралығында Петропавл қаласында «Сәйкестікке бақылау» тақырыбында көшпелі семинар өткізді.

Семинарға Солтүстік Қазақстан облысы бойынша жергілікті атқарушы органдардың ішкі бақылау қызметі, Тексеру комиссиялары және Қаржылық бақылау инспекциясы қызметкерлері қатысты.



27.04.2012 / Астана қаласында «Қаржылық есептілікті бақылау» тақырыбында Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Павлодар облыстары орталық және жергілікті атқарушы органдарының ішкі бақылау қызметі қызметкерлері үшін семинар өткізілді.

Семинар бағдарламасы қаржылық есептілікті бақылаудың теориялық және тәжірибелік негіздерін қамтыды. Мемлекеттік мекемелердің қаржылық есептілік бақылауын жоспарлауы және жүргізуі, бюджеттік бағдарламалар әкімшілері, квазимемлекеттік сектор субъектілері, бюджетке түсетін салық және басқа да міндетті төлемдердің толықтығы мен деркезділігін бақылау мәселелері талқыланды.

 

 



17.04.2012 / Қаржылық бұзушылықтарды зерттеу жөніндегі орталықтың директоры болып Қуаныш Асылов тағайындалды.

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің «Қаржылық бұзушылықтарды зерттеу жөніндегі орталық» республикалық мемлекеттік кәсіпорны директорын конкурс негізінде Есеп комитетінің Төрағасы тағайындайды.