Қаз   Рус  Eng

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметі

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 3-тармағына сәйкес және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті мен Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 2021 жылғы 25 ақпанда бекіткен «Есеп комитеті – Адалдық алаңы» жобасының Жарғысын іске асыру шеңберінде. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің функцияларын атқаратын құрылымдық бөлімше болып Зерттеулер, талдау және тиімділікті бағалау орталығының Әкімшілік бөлімі белгіленді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің негізгі міндеті Орталықтың және оның жұмыскерлерінің Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын қамтамасыз ету болып табылады, ал оның қызметі Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бекіткен Квазимемлекеттік сектор субъектілерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс институтын ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды ескере отырып жүзеге асырылады.