Қаз   Рус  Eng

20.11.2015

Есеп комитетінің Ғылыми-әдіснамалық кеңесінің отырысы

Ағымдағы жылғы 20 қарашада Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің Ғылыми-әдіснамалық кеңесінің кезекті отырысы өтті.

Есеп комитетінің «Қаржылық бұзушылықтарды зерттеу жөніндегі орталық» РМК-нің мемлекеттік тапсырма шеңберінде жүргізілген 2015 жылға арналған зерттеулер туралы есептері қаралды.

«Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» қабылданған Заңға сай, Есеп комитетіне сәйкестік аудитін және бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің шоғырландырылған қаржылық есептілігіне аудит жүргізу бойынша функциялардың берілгені атап өтілді.

Осыған орай, «Қаржылық бұзушылықтарды зерттеу жөніндегі орталық» РМК тиісті зерттеулерді дайындаған, осы зерттеулердің шеңберінде алынған нәтижелерді мемлекеттік аудитке көшуге қажетті, әзірленіп отырған әдіснамалық база үшін пайдалану мақсатында аудиттің тиісті типтерін жоспарлау мен жүргізудің халықаралық озық тәжірибесі зерделенген.

Отырыстың қорытындысы бойынша ұсынылған есептерді берілген ескертулер мен ұсыныстарды ескере отырып пысықтаудың қажеттілігі туралы шешім қабылданды.

Есеп комитетінің баспасөз қызметі