Қаз   Рус  Eng

2022 жылғы зертттеулер

«Нәтижеге бағдарланған мемлекеттік жоспарлау тиімділігіне аудит жүргізудің әдіснамалық тәсілдерін зерттеу» ғылыми-зерттеу жұмысы туралы есеп

Қазақстан Республикасында мемлекеттік жоспарлаудың біртұтас және тиімді жүйесін қалыптастыру мақсатында 2007 жылы корпоративтік басқару, нәтижелілік, транспаренттілік және қоғамға есеп беру қағидаттарында мемлекеттік жоспарлаудың жаңа моделін құру бойынша жұмыс басталды.

Жүргізілген жұмыс нәтижесінде 2007 жылғы желтоқсанда нәтижелерге бағдарланған мемлекеттік жоспарлау жүйесін енгізу жөніндегі тұжырымдама бекітілді.

Нәтижелерге бағдарланған мемлекеттік жоспарлау жүйесін жетілдіру тұжырымдамасы мемлекеттік жоспарлау жүйесін одан әрі дамыту жөніндегі негізгі қағидаттар мен тәсілдерді қамтитын, сондай-ақ мемлекеттік жоспарлау мәселелері бойынша мемлекеттік саясатты іске асырудың мақсаттары мен міндеттерін айқындайтын халықаралық тәжірибені ескере отырып, мемлекеттік жоспарлау жүйесінің қазіргі жай-күйін кешенді талдау негізінде әзірленді.

 

«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАРЖЫ НАРЫҒЫНЫҢ ЖҰМЫС ІСТЕУ ТИІМДІЛІГІНЕ АУДИТ ЖҮРГІЗУ ТӘСІЛДЕРІН ЗЕРТТЕУ»

ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ БОЙЫНША ЕСЕП:

(1- кезең: Елдің қаржы нарығындағы ағымдағы жағдайды талдау;

2 - кезең: Халықаралық аудит стандарттарын және қаржы нарығына аудит жүргізудің шетелдік тәжірибесін зерделеу; 3- кезең: Қазақстан Республикасының қаржы нарығының жұмыс істеу тиімділігін бағалау, талдау бойынша практикалық ұсынымдар әзірлеу).

 

«Ұлттық жобаларды іске асырудың ұзақ мерзімді әлеуметтік-экономикалық әсерін бағалауды жүргізуге ұсынымдар әзірлеу»

Мемлекет басшысы 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Қазақстан Жаңа нақты ахуалда: іс-қимыл уақыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында Ұлттық жобаларға көшу қажеттігін атап өтті.

Жаңартылған мемлекеттік жоспарлау жүйесіне сәйкес (ҚР Үкіметінің 2021 жылғы 26 ақпандағы № 99 қаулысы) ұлттық жоба Қазақстан Республикасының ұлттық даму жоспарының, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік стратегиясының, елдің аумақтық даму жоспарының немесе Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған жалпыұлттық басымдықтарға, мақсаттарға, міндеттерге және стратегиялық көрсеткіштер мен индикаторларға қол жеткізу үшін белгіленген мерзімдерде аса маңызды жекелеген міндеттерді (жобаларды) шешуге бағытталған іс-шаралар кешенін іске асырудың жан-жақты ведомствоаралық өзара іс-қимылды және басым бюджеттік қаржыландыруды қамтамасыз ететін құжат болып табылады.

 

«Нәтижелі жұмыспен қамту және әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы саясатты іске асыруға негізделген әлеуметтік аудит жүргізудің әдіснамалық тәсілдерін зерттеу»

Әлеуметтік жүйенің жай-күйін диагностикалау және мемлекеттік саясаттың әлеуметтік тиімділігін бағалау жөніндегі қызмет түрі ретінде әлеуметтік аудиттің басты мақсаты мемлекеттік саясатты жетілдіру бойынша мемлекеттік билік органдарына консультациялық қолдау көрсету болып табылады.

Әлеуметтік аудиттің тиімділігі халықаралық тәжірибемен расталды. Осылайша, Дүниежүзілік Банктің зерттеулері әлеуметтік аудитті қолдану салдарынан кедейлікпен күрес бағдарламасын іске асырудың тиімділігі 60% - дан 97% - ға дейін артқанын, ал кейбіреулерінде әлеуметтік аудит бюджеттен қаржыландырылатын заңнамалық бекітілген нормаға айналғанын көрсетті.

 

«Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарларын іске асыру тиімділігіне аудит жүргізудің әдіснамалық тәсілдерін зерттеу»

1. Соңғы 3 жылда Қазақстан Республикасында өңірлерді дамытуды жоспарлау, оларды іске асыру процесін талдау, сондай-ақ олардың іске асырылуының тиімділігін бағалау

1.1 Әрбір облыс бөлінісінде соңғы 3 жылда Қазақстан Республикасында өңірлерді дамытуды жоспарлау процесін талдау (осы процестің күшті, әлсіз жақтары, даму мақсаттарын, міндеттері мен индикаторларын анықтаудың дұрыстығы, аумақтарды дамытудың жаңа жоспарларын (бағдарламаларын) әзірлеу кезінде алдыңғы даму бағдарламаларының іске асырылуын талдау және бағалау қорытындылары ескеріле ме).

1.2 Соңғы 3 жылдағы аумақтарды дамыту бағдарламаларын іске асыру процесін талдау (облыстар бөлінісінде аумақтарды дамыту бағдарламаларын іске асыру қорытындылары, қол жеткізілген нәтижелер, осы процестің күшті және әлсіз жақтары және т. б.)

1.3 Аумақтарды дамыту бағдарламаларын іске асырудың тиімділігін бағалау процесін талдау (аумақтарды дамыту бағдарламаларын бағалаудың қолданыстағы жүйесін талдау, соңғы 3 жылдағы іске асыру тиімділігін бағалау нәтижелері).

 

«Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүйесін жетілдіру және оның тәуелсіздігін қамтамасыз ету бөлігінде» мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын қолдану практикасын зерттеу»

Бүгінгі таңда кез-келген мемлекеттің экономикасын бәсекеге қабілетті дамытудың негізгі проблемасы мемлекеттік аудит пен қаржылық бақылаудың ұлттық жүйесінің өзін-өзі қамтамасыз етуін қамтамасыз ету болып табылады, бұған оның негізгі элементтерін прогрессивті жүйелеуді қамтамасыз ету арқылы қол жеткізіледі, олар бір-бірімен үйлесімді өзара әрекеттеседі.

Зерттеудің өзектілігі. Бүгінгі таңда кез-келген мемлекеттің экономикасын бәсекеге қабілетті дамытудың негізгі проблемасы мемлекеттік аудит пен қаржылық бақылаудың ұлттық жүйесінің өзін-өзі қамтамасыз етуін қамтамасыз ету болып табылады, бұған оның негізгі элементтерін прогрессивті жүйелеуді қамтамасыз ету арқылы қол жеткізіледі, олар бір-бірімен үйлесімді өзара әрекеттеседі.

Қазақстан экономикасын дамыту мемлекеттік басқарудың заманауи және тиімді жүйесін құруды талап етеді. Мемлекеттік қаржылық бақылау мемлекеттік басқарудың ажырамас бөлігі болып табылады, бірақ қазіргі жағдайда қаржылық бұзушылықтарды анықтау ғана емес, сонымен бірге оны одан әрі дамыту бағыттарын анықтай отырып, қолданыстағы басқару жүйесін бағалау қажет. Халықаралық тәжірибеде мұндай рөлді мемлекеттік аудит атқарады.