27.05.2016

2016 жылғы 27 мамырда Астанада Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше мемлекеттердің жоғары қаржы бақылау органдары басшыларының үшінші кездесуі өтті

Іс-шараға Қытай Халық Республикасы, Қырғыз Республикасы, Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжікстан Республикасы, Өзбекстан Республикасы жоғары қаржы бақылау (мемлекеттік аудит) органдарының бірінші басшылары және өкілдері қатысты.

Қазақстан Республикасының Сыртқы істе министрі Ерлан Ыдырысов құттықтау сөз сөйледі.

Кездесуге қатысушылар экономиканың тұрақсыздығы мен жаһандық тәуекелдер жағдайларында мемлекеттік аудитті жүргізудіңтиімділігін арттыру проблемаларын талқылады. Мемлекеттік қаржылық бақылау (аудит) саласындағы өзекті мәселелер және ынтымақтастықтың перспективасыжөнінде пікірлермен сындарлы алмасу өтті.

Кездесуге қатысушылар алдында сөйлеген сөзіндеЕсеп комитетінің Төрағасы Қозыкөрпеш Жаңбыршин Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың тапсырмасы бойынша 2016 жылдан бастап мемлекеттік аудитке көшу жұмыстары жүргізіліп жатқанын, оның негізгі міндеті тек қаржылық бұзушылықтарды анықтау ғана емес, сонымен қатар олардың туындау себептерін айқындау және алдын алу екенін атап өтті.

«Қалыптасқан экономикалық ахуал және ресурстардың шектеулігі жағдайларында мемлекеттік аудит органдары бюджет қаражатын пайдалану тиімділігін арттыруға барынша жәрдемдесулері тиіс. Осыған байланысты, біздің елдеріміздің мемлекеттік аудит және қаржылық бақылауының жоғары органдарының күш-жігерін біріктіру – ШЫҰ қызметінің маңызды бағыттарының бірі», – деді ол.

Қазақстаннның Есеп комитеті Төрағасының айтуынша, жоғары қаржы бақылау (мемлекеттік аудит) органдарының ШЫҰ шеңберіндегі өзара іс-қимылы аудиторлық іс-шаралар жүргізу, практикалық тәжірибемен және біліммен еркін және ашық алмасу, жаңа сын-тегеуріндерге ден қоюдың барынша өнімді әдістерін әзірлеу және мемлекеттік аудиттің нәтижелілігін арттыру жолымен әлеуетті өрістетуге және кәсібиліктің өсуіне жәрдемдесетін болады.

ҚХР Бас аудиторы Лю Цзяи алдыңғы кезеңде ШЫҰ-ғамүше мемлекеттердің жоғары қаржы бақылау органдарының өзара іс-қимылытуралы есепті баяндама жасады.

Сондай-ақ Қырғызстан Есеп палатасының Төрағасы Улукбек Марипов, Ресей Есеп палатасының аудиторы Александр Жданьков, Тәжікстан Есеп палатасының Төрағасы Дилмурод Ашурбек және Өзбекстан Есеп палатасы Төрағасының орынбасары Кахрамон Акмалов баяндама жасады.

Кездесудің қорытындысыбойыншаШЫҰ-ғамүше мемлекеттердің ЖҚБО ынтымақтастығы шеңберінде 2016-2017 жылдарға арналғанІс шаралар жоспары, Бірлескен мәлімдеме және хаттама қабылданды.

Атап айтқанда, Бірлескен мәлімдеменің мәтінінде кездесудің қатысушылары мемлекеттік аудиттің ең өзекті мәселелері бойынша семинарлар, конференциялар және басқа іс шаралар өткізу жолымен өзара іс-қимылды одан әрі нығайту жәнетереңдетуге көмек көрсетугениет білдіргені келтірілген. ШЫҰ-ғамүшемемлекеттердің жоғары қаржы бақылау (аудит) органдары басшыларының келесі кездесуі2018 жылы Қырғыз Республикасында өтетіні туралы шешім қабылданды.

Анықтамалық:
ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің жоғары қаржы бақылау органдары (ЖҚБО) басшыларының бірінші кездесуі 2010 жылғы 26 шілдеде Мәскеуде, екінші кездесуі 2012 жылғы 23-24 сәуірде Шанхайда (ҚХР) өтті.

ШЫҰ – Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан көшбасшылары 2001 жылы құрған, тұрақты жұмыс істейтін үкіметаралық халықаралық ұйым.

ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер арасындағы өзара сенімділікті, достық пен тату көршілікті нығайту, өңірдегі бейбітшілікті, қауіпсіздік пен тұрақтылықты сақтау, жаңа сын-тегеуріндер мен қауіп-қатерлерге бірлескен іс-қимыл жасау, түрлі салалардағы тиімді және өзара пайдалы ынтымақтастықты ынталандыру, ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің экономикалық өсуіне, әлеуметтік және мәдени дамуына жәрдемдесу мақсатында құрылды.

Есеп комитетінің баспасөз қызметі