Есеп комитетінде 2015 жылғы 6 қарашада облыстардың, Астана және Алматы қалаларының тексеру комиссиялары үшін мемлекеттік аудитке көшу мәселелері бойынша семинар өткізілді
Есеп комитетінде 2015 жылғы 6 қарашада облыстардың, Астана және Алматы қалаларының тексеру комиссиялары үшін мемлекеттік аудитке көшу мәселелері бойынша семинар өткізілді.
Мемлекеттік аудитке көшу мәселелері бойынша семинарға облыстардың, Астана және Алматы қалаларының тексеру комиссияларының төрағалары, аппарат мүшелері мен қызметкерлері қатысты.
Семинарға қатысушылар Парламент қабылдаған «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы», «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңдардың негізгі ережелерін және оларды іске асыру мәселелерін, осыған байланысты мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының өзара іс-қимылының жаңа нысанын ұйымдастыру шараларын талқылады.
Мемлекеттік аудитті және қаржылық бақылауды жүргізуге қойылатын талаптар, 2016-2017 жылдарға арналған тексеру комиссиялары қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және мемлекеттік аудитор біліктілігін беруге үміткер адамдарды сертификаттау бойынша жұмыстардың ұйымдастырушылық және құқықтық аспектілері қаралды.
Есеп комитетінің баспасөз қызметі