2026 жылғы 2 – 8 тамыз аралығында мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының қызметкерлері Зерттеулер, талдау және тиімділікті бағалау орталығы ұйымдастырған «Мемлекеттік аудит, бюджеттік жоспарлау және тиімділікті бағалау жүйесі: Корея Республикасының тәжірибесі» тақырыбындағы оқу семинарына қатысты.
Қазақстандық тыңдаушылар тобы Кореяның мемлекеттік басқару моделін, институционалдық механизмдерін және Кореяның жоғары аудит органы – Аудит және инспекциялау кеңесінің практикалық құралдарын жан-жақты зерделеуге бағытталған біліктілікті арттырудың қарқынды бағдарламасынан өтті.
Бағдарламаның теориялық және практикалық блоктары шеңберінде қатысушылар кореялық Кеңес жұмысының негізгі бағыттарын егжей-тегжейлі зерделеді:
- Мемлекеттік аудитті цифрландыру: мамандандырылған цифрлық аудиторлық жүйені және BARON талдау платформасын енгізу әрі оның жұмыс істеуі;
- Профилактикалық механизмдер: алдын ала консультациялық аудиттің кореялық жүйесі, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы аудиттер мен парасаттылықты тексеруді жүргізу тәсілдері;
- Әдіснама және практика: жоғары тәуекелді аудиторлық аймақтармен жұмыс, өзекті аудиторлық кейстерді талдау және халықаралық ұйымдарда кореялық аудит стандарттарын қолдану тәжірибесі.
Семинар бағдарламасы шеңберінде қазақстандық топ Кореяның негізгі мемлекеттік және бейінді мекемелеріне барды: Кореяның Аудит және инспекциялау кеңесі (BAI) мен Аудит және инспекциялауды оқыту институты (AITI); Кореяның мемлекеттік қаржы ақпараттық қызметі (FIS); Жергілікті басқару органдары (Сеул Үкіметі/Кеңесі); Корея Республикасының Ұлттық ассамблеясы (Парламенті). Кездесулер мен ресми сапарлар барысында топ институционалдық аудит, цифрлық қаржылық платформаларды енгізу саласындағы озық тәжірибені, сондай-ақ орталық және муниципалдық деңгейде қаржылық бақылау жүргізу ерекшеліктерін зерделеді.
Алынған халықаралық тәжірибе, аудиторлық процестерді цифрландыру саласындағы озық кореялық практикалар (BARON жүйесі), превентивті қаржылық бақылау мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг, сондай-ақ орнатылған кәсіби байланыстар екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін берік негіз қалайды. Зерделенген құралдар отандық мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүйесін жаңғырту бойынша ұсыныстар дайындау кезінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасында заманауи цифрлық шешімдерді енгізу кезінде пайдаланылатын болады.
