«ҚБЗО»

Ү.ж. I тоқсанында Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің «Қаржылық бұзушылықтарды зерттеу жөніндегі орталық» РМК (бұдан әрі - «ҚБЗО» РМК) Алматы және Қызылорда ққ. мемлекеттік аудиттің өзекті мәселелері бойынша көшпелі семинарлар, сондай-ақ «ҚБЗО» РМК базасында мемлекеттік мекемелердің және басқа да меншік нысанындағы ұйымдардың қызметкерлері үшін мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру мәселелері бойынша семинар ұйымдастырды.

2019 жылғы 14-18 қаңтарда Алматы қ. тексеру комиссиясының қызметкерлері үшін «Тиімділік аудитінің негізгі бағыттары» және «Мемлекеттік активтердің пайдаланылу тиімділігіне аудит жүргізу» тақырыбы бойынша семинарлар өткізілді. Аталған семинарларға қатысқан дәріскерлер: А.Б. Зейнелғабдин – экономика ғылымдарының докторы, профессор, Б.К. Мукина – экономика ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының кафедра доценті, Н.К. Аширова – оқытушы, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының кафедра доцентінің м.а.

Семинар шеңберінде Н.К. Ашированың Алматы қ. бюджеттік бағдарламалар әкімшілерімен кездесуі ұйымдастырылды, мұнда нәтижеге бағдарланған мемлекеттік жоспарлаудың негізгі ұғымдары, мақсаты мен міндеттері, бюджеттік бағдарламалардың тікелей және түпкілікті нәтижелеріне қол жеткізбегені үшін заңнамалық жауапкершілік қаралды, бюджеттік өтінімдерді және бюджеттік бағдарламалардың жобаларын дайындау кезінде жіберілетін қателерге талдау жүргізілді.

2019 жылғы 12-14 наурызда Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясының қызметкерлері үшін «Тиімділік аудитін жүргізу ерекшеліктері» тақырыбы бойынша көшпелі семинар өткізілді. Аталған семинарларға шақырылған дәріскерлер: Г.А. Дарибаева – Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің Жоспарлау, талдау және есептілік бөлімі басшысының орынбасары және Н.К. Аширова - оқытушы, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының кафедра доцентінің м.а.

Жоғарыда көрсетілген семинарлар барысында тиімділік аудитін жүргізудің өзіндік ерекшеліктері және негізгі кезеңдері зерделенді, ақпараттық технологиялар, қоршаған ортаны қорғау саласында осы аудит түрін жоспарлау мен жүргізудің практикалық әдістері меңгерілді. Бюджеттік инвестициялардың, мемлекеттік гранттардың, қарыздардың пайдаланылу тиімділігі, сондай-ақ бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану, салалық мемлекеттік бағдарламаларды бағалау бөлігінде мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарын іске асыру тиімділігіне аудит жүргізу мәселелеріне баса назар аударылды.

Семинарлардың негізгі тақырыптарымен қатар тиімділік аудитін жүргізу кезінде туындайтын өзекті мәселелер, атап айтқанда, тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асырудың негізділігі мен тиімділігі, шарттардың аудиторлық іріктемесін жүзеге асыру әдістемесінің болмауы және т.б. талқыланды.

2019 жылғы 11-13 наурызда Астана қ. «ҚБЗО» РМК базасында мемлекеттік мекемелердің және басқа да меншік нысанындағы ұйымдардың қызметкерлері үшін «Мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнаманың қолданылуы. Мемлекеттік сатып алуды өткізу кезіндегі бұзушылықтарды талдау» тақырыбы бойынша семинар өткізілді. Аталмыш семинарға мемлекеттік сатып алуды және камеральдық бақылауды жүзеге асыру саласында практикалық тәжірибесі бар ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының дәріскері, мемлекеттік сатып алу саласындағы практик, «Электрондық мемлекеттік сатып алу» оқу құралын әзірлеуші Ж.Р. Тұрсынбай және Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қаржы және бухгалтерлік есеп басқармасының басшысы С.А. Қалжанов қатысты.

Семинар барысында мемлекеттік сатып алу туралы заңнамадағы негізгі өзгерістер зерделенді, қолданыстағы заңнаманың даулы мәселелері түсіндірілді, мемлекеттік сатып алу саласындағы сот практикасы нақты мысалдармен зерделенді.

ҚДБАБ меңгерушісі Г. Абишева

 

Комментарии:

Добавить комментарий


Защитный код


Обновить

 

               
  
akorda-ru  banner arem govern  esep-ru 
 
banner arem parlam