Қаз   Рус  Eng

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЖОҒАРЫ АУДИТОРЛЫҚ ПАЛАТАСЫНЫҢ САЛАЛЫҚ САРАПШЫЛАР ПУЛЫНА ЕНГІЗУ ҮШІН КАНДИДАТТАРДЫҢ ӨТІНІМДЕРІН ҚАБЫЛДАУДЫ ҰЗАРТУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ

Құрметті сала сарапшылары, ЖАП сарапшылар пулына кандидаттардың құжаттарын қабылдау мерзімі 2023 жылғы 1 наурызға дейін ұзартылады. Бұл ретте құжаттарды тапсырған кандидаттар үшін конкурстың келесі кезеңдерінің мерзімдері 18 ақпанға дейін өзгеріссіз қалады.

Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы (бұдан әрі – ЖАП) жанындағы Зерттеулер, талдау және тиімділікті бағалау орталығы «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде, ЖАП аудиторлық және сараптамалық-талдамалық қызметінің «адам-центризмін» арттыру, сондай-ақ сараптамалық қоғамдастықпен ашық және сындарлы диалогты кеңейту мақсатында салалық сарапшыларды ынтымақтастыққа және іріктеуге қатысуға шақырады.

Іріктеу кезеңдері:

1) іріктеуге қатысуға ниет білдірген тұлғалардан құжаттарды қабылдау (осы жылдың 8-18 ақпаны);

2) іріктеуге қатысушылардың құжаттарын белгіленген критерийлерге сәйкестігін қарау (ағымдағы жылдың 20-21 ақпаны);

3) сұхбат алуға және сараптамалық сауалнамаға қатысуға жіберілген кандидаттарды хабардар ету (ағымдағы жылдың 21 ақпаны);

4) сараптамалық бағалау нәтижелерін іріктеу (ағымдағы жылдың 22 ақпаны – 17 наурызы);

5) кандидаттарды Жоғары аудиторлық палатасының салалық сарапшылар пулына алдын ала қабылдау туралы хабарлау (ағымдағы жылдың 20 наурызы).

I. Іріктеудің бірінші кезеңі шеңберінде келесі бағыттар (салалар) бойынша сараптамалық қорытындыларды зерделеу мақсатында ЖАП сараптамалық-талдау қызметіне қатысу ұсынылады:

Тіршілік қауіпсіздігі саласы

Білім және әл-ауқат

Денсаулық сақтау

Кәсіпкерлікті дамыту

Мәдениет, спорт, туризм, ақпараттық кеңістік

Цифрландыру

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі

Индустрияны дамыту, сондай-ақ сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі

Отын-энергетика кешені және жер қойнауын пайдалану

Агроөнеркәсіптік кешен

Көлік және коммуникация

Қоршаған ортаны қорғау

II. Іріктеудің екінші кезеңі ЖАП салалық сарапшыларының пулына қабылдау үшін бірлескен жұмыс қорытындылары негізінде жүзеге асырылатын болады.

Қатысушыларды іріктеу критерийлері:

1) жоғары білім (жеке тұлғалар үшін);

2) Қазақстан Республикасының резиденттігі;

3) сарапшы ретінде әрекет етуді көздейтін қызмет саласында кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесі, не сарапшы ретінде әрекет етуді көздейтін қызмет саласында ғылым кандидаты, ғылым докторы, PhD докторы немесе бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежесі болған жағдайда кемінде 3 жыл(жеке тұлғалар үшін);

4) өтелмеген немесе алынбаған соттылықтың, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін соттылықтың болмауы (жеке тұлғалар үшін);

5) мемлекеттік тіркеу (заңды тұлғалар үшін);

6) зерттеу қызметіне қатысу.

Критерийлерге сәйкес келетін және бірлескен жұмыс қорытындылары бойынша сындарлы сараптамалық бағалаулар ұсынған салалық сарапшыларды әрі қарай ЖАП аудиторлық және сараптамалық-талдамалық іс-шараларына тарту мүмкіндігімен ЖАП салалық сарапшыларының пулына енгізу үшін кандидатуралар ретінде қаралатын болады.

Қатысу үшін өтінім нысанын толтырып, тақырыпта қосымшасы бар сала, бағыт атауын көрсете отырып This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. - электрондық мекенжайға жіберу қажет:

1) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы);

2) Қазақстан Республикасының резиденттігін растайтын құжаттың көшірмесі (заңды тұлғалар үшін);

3) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (салыстыру үшін түпнұсқасын ұсынбаған кезде нотариаттық куәландырылған);

4) білімі туралы құжаттардың, сондай-ақ «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес нострификациялау рәсімінен өткенін немесе танылғанын растайтын құжаттардың (шетелдік білім беру мекемелері берген дипломдар үшін) көшірмелері (салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары ұсынылмаған жағдайда нотариат куәландырған);

5) болған жағдайда кәсіби ұйымдарға (бірлестіктерге, қауымдастықтарға және т. б.) тиесілігін растайтын құжаттың көшірмесі;

6) бар болған жағдайда ғылыми дәрежесін растайтын құжаттың көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары ұсынылмаған жағдайда нотариаттық куәландырылған);

7) болған жағдайда жарияланған сараптамалық жұмыстарға сілтемелер.

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2023 жылғы 8 ақпан сағат 10: 00 – нан 2023 жылғы 18 ақпан сағат 24: 00-ге дейін Астана қаласының уақыты бойынша.

Барлық сұрақтар бойынша - Зерттеулер, талдау және тиімділікті бағалау орталығының бас сарапшысы Нұрланова Маркен Мұхитқызына, 8-771-195-24-66 хабарласуыңызды сұраймыз