Жобаларды басқару тәжірибесі

2014 жылғы 12 қазанда қабылданған және 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілген Жобаларды басқару жөніндегі нұсқаулық - ҚР СТ ИСО 21500-2014 жобаларды басқару жөніндегі ұлттық стандарты аясында Орталық осы бағытта маңызды семинарлар өткізіп тұрады.

Сөйтіп, 2016ж. 28-30 қараша аралығында Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының қызметкерлері үшін «Жобаларды басқару тәжірибесі» атты семинар өтті. Семинарға қатысушылар басшының күнделікті жұмысы үшін аса қажет болып табылатын тиімді басқару бойынша қосымша білім меңгерді. Басшылық ету және адамзат пен материалдық ресурстарды үйлестіру өнерін Жобаларды басқару институтының профессоры, э.ғ.д., тәжірибелі тренер Жанболат Қазиұлы Даухарин үйретті.