21.11.16

Орталықтың базасында 21-23 қараша аралығында Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс және тұрғын-үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің қызметкерлері үшін PMI стандартының негізінде жобаларды басқару тәжірибесі тақырыбында семинар өтті. Аталмыш семинардың тренері жобалар мен бағдарламаларды басқарудан, жобалық менеджмент, мониторинг және бағалау, ұйымдастырушылық даму және стратегиялық жоспарлау бойынша тренингтер мен консультациялар өткізуден 15 жылдық тәжірибесі бар кәсіби жобалық менеджер (РМР) У.Хайдар болды.
Семинарға қатысушылар осы бағытта біліктілікті арттыруға және меңгерілген білім мен дағдыларды тәжірибеде пайдалануға қызығушылық танытты.