Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі тағайындалды

2021 жылғы 21 қазанда Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрайымы Н.Годунова ұжымға Есеп комитетінің жаңа мүшесі Расул Рахимовты таныстырып, оған жоғары жетістіктер мен жұмыста табыс тіледі.

Р.Рахимов 1978 жылы 29 тамызда Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласында дүниеге келген. «Болашақ» халықаралық стипендиясының түлегі, қазақстандық және шетелдік жоғары оқу орындарында білім алған.

Индустрия министрлігі жүйесінде, БҰҰДБ қоршаған ортаны қорғау және энергетика бағдарламалары бойынша үйлестіруші, Қазақстандағы БҰҰДБ Тұрақты даму департаментінің басшысы, Ұлттық инновациялық қордың басқарушы директоры болып жұмыс істеді.
2018 жылдың қаңтар айынан бастап Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Стратегиялық жоспарлау бөлімі меңгерушісінің орынбасары, әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарды.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/esep/press/news/details/272783?lang=kk