19 қазан күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтті

Отырыста «Ауыл – Ел бесігі» жобасын іске асыру барысы қаралды. Ұлттық экономика министрі Ә.Ерғалиев, Қостанай облысының әкімі А. Мұхамбетов баяндама жасады.

Үкімет басшысы ауылдық аумақтарды дамытудың кешенді және бірыңғай тәсілін, 2025 жылға қарай нысаналы индикаторларға қол жеткізуді, сондай-ақ ауылдық жерлерде несие қаражатына қажеттіліктің ұлғаюын ескере отырып, АӨК-ні тұрақты қаржыландыруды қамтамасыз етуді тапсырды.

Сондай-ақ, елдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай қаралды. Денсаулық сақтау министрі А.Цой Қазақстандағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдай тұрақты екенін айтты.

Үкімет басшысы коронавирус пен тұмауға қарсы егу науқанын жалғастыруды тапсырды.

Дереккөз: https://primeminister.kz/ru/sessions/zasedanie-pravitelstva-rk-19102021-1991632