18.03.2016

Есеп комитетінде Наурыз мейрамына арналған іс-шара өтті

Есеп комитетінің Төрағасы Қозыкөрпеш Жаңбыршин ұжымды көктемгі жаңару, бейбітшілік және келісім мерекесімен құттықтап, барлығына бақыт, амандық, денсаулық пен игілік тіледі.

Қозыкөрпеш Жаңбыршин Наурыз түрлі ұлт өкілдерінің арасында өзара түсіністікті нығайтуға, сондай-ақ достықты және қоғамдық келісімді сақтауға сеп болатын татулық күні ретінде Қазақстан үшін ерекше маңызды екенін атап өтті.

Іс-шараның барысында мемлекеттік аудит және қаржылық бақылаудың жоғары органының басшысы Есеп комитеті және «Қаржылық бұзушылықтарды зерттеу жөніндегі орталық» РМК қызметкерлерінің арасында өткізілген мини-футбол, үстел теннисі және волейбол бойынша сайыстардың жеңімпаздарына жүлделер мен дипломдарды тапсырды.

Кеш соңында Есеп комитетінің қызметкерлері жекелеген ұлттық салт-дәстүрлерден көріністер және концерттік нөмірлер көрсетті.

Eсеп комитетінің баспасөз қызметі