Біз туралы

«Қаржылық бұзушылықтарды зерттеу жөніндегі орталық» республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 1 қазандағы №868 қаулысымен қаржылық және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарына алып келетін жағдайларды терең зерделеу, бақылау және сараптама-талдамалық жұмыстардың жаңа әдістері мен технологияларын әзірлеп енгізу, сондай-ақ қаржы-бюджет қатынастары жүйесінде оқыту бағдарламаларын іске асыру мақсатында құрылды.

Мемлекеттік басқару органы Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті болып табылады.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласы бойынша бақылау комиетінің 2010 жылғы 28 желтоқсандағы №1714 бұйрығына сәйкес, Қаржылық бұзушылықтарды зерттеу жөніндегі орталық ғылыми ұйым ретінде аттестатталды.

Орталықтың миссиясы

Мемлекеттік қаржылық бақылау жүйесінің өзекті проблемаларын зерттеу арқылы қоғамның мүддесі үшін қаржы ресурстары мен мемлекет активтерін басқарудың тиімділігін арттыруға жәрдемдесу.

Қызмет түрлері:

  • мемлекеттік қаржылық бақылаудың өзекті мәселелерін зерттеу;
  • экономика және қаржы саласында зерттеулер жүргізу;
  • бюджет-салық жүйесіндегі өзгерістерді талдау және сараптау;

мемлекеттік қаржылық бақылау органдары қызметкерлерінің біліктілігін арттыру

 

               
  
akorda-kz  banner arem govern-kz  esep-kz 
 

banner arem parlam-kz